Сенi iздеймiн

8 жасында жоғалтып алған ұлымен 20 жылдан кейін қауышқан ана көз жасын тыя алмады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Тамархан Кенжеханқызы 20 жыл бұрын сегіз жасар ұлынан тірідей айырылып қалған. Бірнеше жылдан бері бауыр етін іздеп жүрген ол "Жди меня" бағдарламасы арқылы ұлын тауып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Тамархан Кенжеханқызы мен оның жоғалған ұлы, қазіргі Омбыдағы Росгвардия офицері Әлішер Кинджихановтың кездесуі "Жди меня" бағдарламасының студиясында өткен.

Тамархан Кенжеханқызы Әлішердің әкесі Маратпен 1985 жылы танысқан. Белгілі бір себептермен аяғы ауыр болса да айырылысып кетеді. Сөйтіп ол Сергей есімді азаматпен танысып, Омбы облысына баласымен бірге ақша табу үшін аттанады.

Алғашқы ақыларын алған соң Тамархан құжаттарын алып, туыстарын көру үшін Қазақстанға оралады. Ал 8 жасар ұлын Сергейге сенгендіктен, онымен бірге қалдырып кетеді.

Омбыға қайта келген әйел ұлын да, күйеуін де таппай қалады. Сөйтіп ол бірден полицияға арыз түсірген. Алайда іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермепті.

Ал осы сәтте Сергей Әлішерді алып Новсибирскке көшіп кетеді. Алдымен олар вокзалды паналаған, артынша жалдамалы пәтерлерде тұрған. Алайда күндердің бір күнінде Сергей Әлішерді тастап кетіп қалады.

Осылайша ол балалар үйінен бір-ақ шығып, сонда ер жетеді. Әлішердің айтуынша, оны 12 жасында біреулер асырап алғысы келген. Алайда ата-анасының тірі екеніне сенген ол асырап алушылардан бас тартқан.

Бағдарлама барысында Тамархан мен Әлішерге ДНҚ сараптамасы жасалып, олардың туыстығы 99,9 пайыз расталған.

Сөйтіп, бір-бірін іздеген ана мен бала бағдарлама барысында табысып, қауышқан сәтте көз жастарын тыя алмады.

 




Көрілген: 2615    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.11.2019, 13:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Ақпан, 11:03
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!
    13 Қараша 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша 2019
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Мамыр 2017
    Қаназдық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29