Сенi iздеймiн

Әкелер балалары күтетінін ұмытпаса екен...

  • Әкелер балалары  күтетінін ұмытпаса екен...

    Әкелер балалары күтетінін ұмытпаса екен...

Әкем Романов Арман Арстанұлын іздеймін. Сақталған суретіде жоқ. Әйтеуір осы Алматы қаласының маңында тұрады екен деп естігенім бар. Жасы 45-50 шамасында. Ол кісіні ешқашан іздемеймін деп ойлайтынмын.


Кездесуден жүрексінетінмін. Көргенде қандай күйде боламын?! Ол не дейді, не деп ақталады деген сияқты сұрақтар мазалағанымен, оған алатын жауапты естігім келмейтін. Осыдан 18 жыл бұрын сіңілім екеуміз анамның қолында қалдық. Байғұс Анам елдің баласынан кем өсірген жоқ. Кейде, осы мен әкесі бар қыз-балалардан жақсы өмір сүремін ғой деп ойлағаныммен, мен моральді түрде өзімді басқа балалардан кем сезіндім. 10-15 жас аралығында әкемнің жоқ екенінде қатарластарымнан жасыратынмын. Ұялдым. 15-19 жас аралығында да жасырдым. Себебі, қорықтым. Әкесі жоқ, қорғаны жоқ деп маған жігіттердің қалай-болса солай қарауынан. Енді күні-кеше жасым 22 -ге толып, бір үйдің табалдырығын аттағалы отырмын. Мақсатым ол кісімен кездесу, сөйлесу емес. Тек сыртынан көріп қайтсам жетеді деп жүрмін. Бұрын ойлаушы едім, көрсем бетіне қараудан бас тартамын, жек көремін деп,ал, қазір менде ондай сезім жоқ. Тек өкпе, реніш бар. Кішкентай болсамда, әкемнің бейнесі, кейбір әрекеттері есімде қалыпты.Мен оны с ондай қатты жақсы көргенмін,ол мені((( Ойласам, көкірегім жасқа толады. Бірақ, неге, неге ол осынша жыл бойы бізді іздемеді, балаларым деп жүрегі бұрмады?! Оған бәрібір болғаны ғой... Әкенің аты- әке. Бұл туралы ойланып,мазаланыпта жүрмегенмін. 31 арнада болатын "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасында Айгүл Иманбаева туралы бағдарламаны көріп, Айгүл апаймен өз тағдырымның ұқсастығынан жүрегім тағы қан жылады. Менде әкемді кешіргім келді. Менде көкірегімдегі жасты шығарғым келеді. Жанымның сонда тынышталатынына сенімдімін. Достар егер сондай адамды танып жатсаңыздар,ол кісі туралы қандайда бір ақпаратқа ие болсаңыздар маған хабарлама жіберіңіздер. Өз ойларыңызбен, ақыл-кеңестеріңізбен бөлісіңіздер.Іздеуімнің дұрыс-бұрыс жақтары болса жазыңыздар. Сіздердің қолдауларыңызды күтемін.



Аида, Алматы қаласы


 


Редакциямызға келетін хаттардың көптігін ескеріп "Сені іздеймін" деген айдар ашып отырмыз. Біреуді іздеп жүргендер, бірін бірі көп жыл көрмегендер, сағынатындар, жоғалтқандар, танысқысы келіп телефонын алмасқысы келетіндер, өмірден шаршап жанына жақын іздегендер, туған туыс, алғашқы махабатты мен танысын іздегендерге айдарымыз ашық! Хат жазыңыздар! Іздеңіздер!


Көрілген: 3317    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 09:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 14:07
    Әкемді іздеймін
    17 Қыркүйек, 12:56
    Атамның сүйегін іздеймін
    14 Тамыз, 16:25
    Ағамыз табылса екен
    4 Мамыр 2017
    Қаназдық
    18 Наурыз 2017
    Балалардағы бронхит
    19 Ақпан 2017
    ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31