Сенi iздеймiн

Ақмола облысында мереке күні із-түзсіз жоғалған әйел іздестіріліп жатыр

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

Полицейлер мен волонтерлер Бурабай кентінде із-түзсіз жоғалған әйелді іздестіріп жатыр,– деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

 

Ақмола облысында 8 наурыз күні хабар-ошарсыз кеткен 48 жастағы Зеренді ауданы тұрғынының жүрген жері айтылған. Жұбайының ұшты-күйлі жоғалғаны туралы жолдасы келесі күні 9 наурызда хабарлаған. Ер- азаматтың айтуынша халықаралық әйелдер күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен әйелі сол күйі үйіне оралмаған.

 

«Полицияға адамның ізім-қайым жоғалғаны туралы арыз түскеннен кейін жедел іздестіру шаралары басталды. Шара барысында әйелдің облыс орталығы арқылы «inDriver» көлігімен Айыртау ауданына жолға шыққаны анықталды. Сонымен қатар, криминалды полиция бөлімі қызметкерлерімен әлі де болса ақпан айында із-түзсіз жоғалған Бурабай кентінің тұрғыны Бибігүл Қизатқызы Уаисованы да іздестіру жүріп жатыр»,– дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

 

Полицияға жүгінген әйелдің бауыры әпкесінің 11 ақпанда үйден шығып, сол күйі оралмағанын хабарлаған.

 

Қазіргі уақытта іздеу шараларына полицейлермен бірге Щучинск қаласының «Лидер КЗ» волонтерлері мен басқа да ерікті адамдар белсене қатысуда. Олар бірлесе әрекет ете отырып, Бурабай кентінің барлық аумағын, кенттен құс фабрикасына дейін сонымен қатар иесіз қалған кәсіпорын аумағын түгелдей сүзіп шыққан.

 

Сонымен бірге полиция қызметкерлері жоғалған әйелдің туыстары мен таныстарын анықтап, жоғалған күні әйелді көруі мүмкін достары мен көршілерінен сұрастырған.

 

Полицейлер Бибігүл Уаисованың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білген адамдарға құқық қорғау органдарына немесе 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

 

 

 




Көрілген: 1782    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.03.2021, 19:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31