Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АҚШ-та тағы бір жас жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздестіруде

27 шілде 2020, 12:28

Америка Құрама Штаттарының тұрғындары асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық ата-анасын іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Жас жігіттің асырап алғанға дейінгі есімі Сардар Бекнұрұлы Баймаханов. Ол Тараз қаласында 1999 жылы өмірге келген. Жігітті 2000 жылы Америка Құрама штаттарына алып кеткен.

 

Қазіргі кезде оның аты Пол Сардар Бабкок. Жақында ол өзінің биологиялық ата-анасын іздеу туралы шешімге келген. Осыдан кейін жас жігіт Facebook әлеуметтік желісіндегі Kazakh American Assosiation тобында жазба қалдырды.

 

"Егер маған кімде кім көмегін тигізсе, шексіз алғысымды білдіретін боламын. Менде бірқатар заттар мен жазбалар бар, алайда қайсысынан бастауды білмеймін", - деді Пол.

 

Жас жігіттің сөзінше, оның биологиялық анасының есімі Элмира Қалмаханбетқызы, әкесінің аты Бекнұр Баймаханов.

Пол барлық қайырымды жандардан ата-анасын іздеуге қол ұшын беруді сұраған.

 

Еске сала кетсек, жақында әлеуметтік желі арқылы Өскемен қаласындағы туған-туыстарына іздеу салған Теодор Уолтон есімді америкалық жас жігіттің Қазақстандағы туған ағасы табылды.

 

Теодорды 1 жасқа толғанда АҚШ азаматтары асырып алған. Дегенмен, өгей ата-анасы оның ұлты кім екенін, туған жері қайда екенін еш жасырмаған. Бүгінде оның жасы 20-ға жеткен.