Сенi iздеймiн

Ақтөбелік әке ұлын газет арқылы 30 жылдан кейін тапты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ақтөбеде ер адам 30 жыл бойы іздеген ұлын газет арқылы тапты. Бұл туралы "Диапазон" газеті хабарлады.

 

Ақтөбелік волонтер Жолдас Белокосов табиғатты қорғауға арналған шараларда жиі төбе көрсетеді. Оның мысықты құтқару үшін ағашқа өрмелегені, итті шұңқырдан шығарып алғаны туралы бұған дейін біраз басылым жазған еді. Дәл осы ерікті ретіндегі қызметі жігіттің әкесімен қауышуына себеп болды.

 

Жолдас Белокосов Өзбекстанда туған. Содан кейін ата-анасы Ақтөбе облысына көшкен, біраз уақыт өткен соң отбасы ажырасып кеткен. Анасы баласының тегін ауыстырып, басқа жаққа алып кеткен. Ол Тамды балалар үйінде өскен, одан кейін Жайсаңда тұрған. Әкесінің туыстары баланы 30 жыл бойы іздеген, алайда таба алмаған.

 

"Анаммен көріспегелі біраз жыл болды. Маған әкемнің қайтыс болғанын айтқан еді. Сол себепті туыстарымды іздеуге тырыспадым. Керек болмасам, басқаға несіне масыл боламын деп ойладым. Неге екенін білмеймін кейінгі жылдары атаммен кездескім келді", &ndash дейді Жолдас.

 

Алайда Жолдастың әкесі мен туыстары оны көп жыл бойы іздеген. Анасы бір жастағы баласын алып кеткеннен кейін арадағы байланыс үзілген. Жақында жігіттің әкесі өткен жылдың қарашасында шыққан газет бетінде "Солдаты подпилили 30-летний клен" деген мақаланы оқыған.

 

Көшеден тапқан газетте Жолдас Белокосов пен Евгений Лазарчук есімі жазылған екен. Содан кейін интернеттен Евгений Лазарчуктің нөмірін тауып, Жолдас туралы сұраған. Сол сәтте әкесінің аты дәл келген.

 

 

"Әкеміз оны үнемі көргісі келді, табуымызды сұрады. Мен барлық балалар үйін аралап шықтым. 10 жыл бойы Жайсаңдағы колледжге бардым, тексердім, жеке қарадым. Біз оны Әбдірахманов деген атпен іздедік. Анасы шетелге, Ресейге алып кетті деп ойладық. "Жди меня" бағдарламасына да бердік, ол жақтан да хабар болмады", &ndash дейді туысы Ажар.

 

Оның айтуынша, жігіттің атасы өмірден өтерінде оны табуды сұраған. Қазір Жолдас туған-туыстарымен кездесті. Ал жігіттің өзі туыстарын тапқанына өте қуанышты. Тағдырымның осылай болғанына еш өкінбеймін, дейді ол.

 

 

 

 

 




Көрілген: 4281    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 19:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31