Сенi iздеймiн

Ақтөбелік кейуана туыстарымен 30 жылдан кейін қауышты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Ақтөбеде қарт ана туған-туыстарын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Ол осыдан 30 жыл бұрын жақындарынан көз жазып қалған. Әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазбадан оны туыстары танып қалған. Қазір кейуана немере-шөберелерінің қолына келіп, жайлы өмір сүріп жатыр.

 

Ұзақ жылдан кейін ағайын жұртымен қайта қауышқан Ольга әжейдің қуанышында шек жоқ. Ол 1980 жылдары жолдасы қайтыс болған соң өзге азаматпен бас қосып, жақындарынан көз жазып қалған. Қанша рет табуға тырысқанымен, еш нәтиже болмапты. Тек волонтерлер көмектесіп, әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін ғана хабар алмасқан.

 

Диана Кирьянчук, шөбересі:

 

- Әжей туралы бұрын анам айтып жүрді. Мен ол кісіні өте алыста тұрып жатқан шығар ойлап жүрдім. Кейін «үйге алып келеміз» деді. Содан бөлме әзірлеп, дайындалдық. Кейін сөйлесе келе, бір-бірімізге жақындай түстік. Енді әжеміздің барына қуанамыз.

 

Кейуана соңғы алты жылда Ақтөбедегі ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта тұрған. Ол жерге Темір ауданындағы Еңбекші ауылынан жеткізіліпті. Оның ертеректе жоғалтқан төлқұжатын қайта жасатып, жеке басын растау да  көші-қон полициясына оңай болмапты. Ал, өзі Атырау облысында дүниеге келіп, ауылда еңбек еткенінен басқа жарытып ештеңе айтпаған.

 

Раиса Дармышева, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман:

 

- Негізі бізде 6 жыл тұруға болмайды. Бір-ақ жыл ғой мерзімі. Бірақ енді ол кісі қайда барады? Біз бірнеше мәрте Атырау қаласына да АХАЖ бөліміне жазып, сұраныс жіберген болатынбыз. Бірақ ондай адам тіркелмеген деді. Сосын осы жақтың көші-қон полициясы туу туралы куәлігі болмағандықтан, басын растайтын ешқандай құжат болмағандықтан, жеке басын куәландыратын. Сондықтан іс тоқтатылып, кейін қайтарылды.

 

Әлеуметтік орталықта дәл осындай жайт соңғы рет алты жыл бұрын болыпты. Ол кезде Ресей мен Германияда тұратын азаматтар келіп, қарттарын алып кеткен.

 

 

 




Көрілген: 8297    Пікірлер: 0

сенбі, 26.12.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31