Аллергиямен қалай күресуге болатыны туралы үш оқиға

Аллергиямен қалай күресуге болатыны туралы үш оқиға

Менде шаңға, жусан мен азық-түлікке аллергия бар.

Жамбыл Күлдеев

28 жаста, туған қаласы — Қарағанды, сценарист, жүргізуші

 Менің жусанға,шаңға және белгілі бір тағам түрлеріне: цитрустар, соуста кездесетін консерванттар, бал, жаңғақ пен тағы жеті-сегіз азық-түлік,аллергиям бар, алайда жазда жусан шыққанда және қыркүйек айында қатты қозады. Аллергияның мұндай түрі поллиноз деп аталады. Екі түрлі болып шығады: жеңіл нұсқасында бұл қышу, бөрту түрінде болса, ал одан күштірегі — Квинке ісігі. Мұның барлығы менің аллергиям бар тағамды қанша мөлшерде тұтынғаныма байланысты.

Жусан мен цитрусқа аллергия менің бала күнімнен бар, ал тағамға 19 жасымда пайда болды. Қазір ол қандай да бір соусты тұтынғанда да шығып кетуі мүмкін. Кейде мен неге мұндай әсер болғанын түсіне де алмаймын. Бұл өзіндік тағам лотореясы. Уақыт өте келе ұстамам ұстап қалуы мүмкін, сондықтан мен үнемі өзіммен бірге Супрастин таблеткаларын алып жүремін.

Менің азық-түліктің көпшілігіне аллергиям бар екенін ескере келе, тамақтану орнына келгенде даяшылардан тағамның неден жасалғанын нақтылап сұраймын. Бұл кейбір даяшылардың ызасын келтіреді, бірақ көп жағдайда олар өз эмоцияларын көрсетпейді, сондықтан қалыпты түрде қарайды. Кейбір орындарда арнайы тапсырыспен тағам дайындайды, менің аллергиям бар тағамды алып тастайды. Менің анам — менің аллергиямның энциклопедиясы.

Жазда, аллергия уақытында жұмыс істеу де оңай емес, сондықтан өткізетін шараларымды азайтуға тырысамын. Сонымен қатар аллергия кезінде шылым шегуден бас тартуға тура келеді. Сонымен, бірнеше жыл бұрын аллергия маған темекіден бас тартуға көмектесті.

Аллергия кезінде диета, ағзаны тазалау жақсы көмектеседі. Рационнан қуырылған, майлы, ащы, тұзды, тәтті тағамды шығарып тастау керек — бұл дұрыс тамақтанудың стандартты диетасы. Мен оны ұзақ сақтап жүре алмадым, себебі ол өте қиын. Ағза тазарғанда, салауатты өмір салтын ұстанғанда, жаман әдеттерден бас тартып, спортпен айналысқанда аллергия да басылады. Өз мезгілінде бәрібір де шығады, алайда аз ғана мөлшерде болады. Сондай-ақ, маған сүлік, гирудотерапия жақсы көмектеседі.

Менің жасыл дәрі мен жабыстырғышқа аллергиям бар

Успанова Алтыншаш Ғабдулкәкімқызы

56 жаста, технолог-үлгіші

Менде жасыл дәрі мен жабыстырғышқа (пластырь) аллергия бар. Мен оларды қолдана алмаймын, сондықтан олар маған емдік әсер бермейді, керісінше әсер етеді.

Бұл аллергия менде бұрыннан, 1993-1995 жылдардан бері бар. Мен оның қайдан пайда болғанын да білмеймін. Жақында жасалған кішкене отадан кейін мен оның баламасын таптым — Comfort германдық жабыстырғыш, ол денеге ауа кіргізіп тұрады. Жасыл дәрінің орнына дәрігер «Кастеллани» атты дәріні қолдануға кеңес берді. Ол жасыл дәрі сияқты жақсы әсер етеді, алайда менің оған аллергиям жоқ.

Егер ауруханаға келсем, дәрігерлерді бірден осындай аллергиям бар екені жайлы құлағдар етемін, ал кейде өз дәрілерімді өзіммен бірге алып келемін.

Менің жаңбырға аллергиям бар

Мөлдір Темірбай

23 жаста, туған қаласы — Жезқазған, мейрамхана әкімшісі

Менің жаңбырға аллергиям бар. Оның иісі мен жаңбыр кезінде көтерілетін шаңның иісіне шыдай алмаймын. Ауа жетпей, жаңбырды бар денеммен сезіне бастаймын. Егер жаңбыр суи бастаса, ыңғайсыздықты сезбеймін, ал тек ол қатты жауа бастағанда, оған жел қосылса, маған жабық әрі жылы орынға бару керек.

Мен өзімде аллергия бар екенін үшінші-төртнші сыныпта жүргенде білдім. Ал ата-анама алтыншы-жетінші сыныпта айттым. Олар маған сенбейтін, бірақ кейін өздері менің жаңбырға деген реакциямды көргенде күмәндануды қойды.

Мектепте оқыған кезде жаңбырлы күндері сабаққа бармайтынмын. Анам мұғалімдерге хабарласып, менің не үшін сабақта болмайтынымды түсіндіретін. Мұғалімдер менің жаңбыр кезіндегі халімді көрген болатын, сондықтан олар түсіністікпен қарайтын. Сондай-ақ, жаңбырлы күндері университетке де барған жоқпын. Қазір мейрамханада әкімші болып жұмыс істеймін, жұмыстан қалуға да болмайды, сондықтан көлікке дейін және үйге дейін кішкене жер тез жүгіремін.

Бірнеше рет жаңбыр басталып, айналада ықтайтын жер болмаған кездер де болды. Сол кезде маған тек бір ғана тәсіл көмектесетін — өз парфюмімді мойынорағышқа немесе бет орамалға шашып, мұрныма басып, соның көмегімен тыныстайтынмын. Бұл уақытша болса да менің жағдайымды жеңілдетеді.

www.weproject.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста