Сенi iздеймiн

Алматы облысында жас ана алты айлық сәбиімен бірге жоғалды

  • Видеодан кадр/almaty.tv

    Видеодан кадр/almaty.tv

Ақмарал Қалдыбаева осыдан үш ай бұрын бөбегін алып, үйден түнгі уақытта шығып кеткен. Ол туғандарына қайда бара жатқанын ескертпепті. Артынан лезде шыққан ағалары қыздан бас-аяғы 5 минуттың ішінде көз жазып қалған. Жас ананы таппай қиналған отбасы енді халықтан көмек сұрайды. Сергелдеңге түскен Ақмаралдың туыстары көрген-білгендердің іздеуге көмектесуін сұрайды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

67 жасқа келген көпбалалы ана Күлән Серботаева 3 айдан бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Себебі, қараша айынан бері туған қызындай болған тұңғыш немересін шарқ ұрып іздеп жүр.

Әжейдің сөзінше, 22 жастағы Ақмарал Қалдыбаева өз қолында өскен. Мектеп бітірген соң жоғары оқу орнына түсе алмапты. Кейін Алматы облысына қарасты Көлді елді-мекеніндегі тауық фермасына жұмысқа кірген. Сонда Құлмұратов Кеңеспен танысып, араларында сезім пайда болыпты. Азаматтық некеден Рашит есімді сәби дүниеге келген.

"Бір жігітті тауып алды да, соған күйеуге тиді. Алып қашып кетті ол. Бір жылдай бірге тұрды. Шамалған станциясы жақта. Мал бақты. Қызымның аяғы ауыр болғаннан кейін екеуі қайтып келді осы жерге. Тұратын жерлері жоқ. Жігіт "ешкімім жоқ, жетіммін" деген соң, бірге тұруға рұқсат бердім", - дейді Ақмарал Қалдыбаеваның әжесі Күлән Серботаева.

Жас отбасы аяққа тұрып кетсін деген әжесі оларды үйге кіргізген. Тек күйеу баласының жұмысқа құлқы, іске мүлде икемі болмады деп отыр. Оның үстіне, жиі ішетін көрінеді. Соңғы уақытта жұмысқа тұрақтамай, табыс таппай жүрген. Сондықтан, қыз жоғалған түні Кеңеске ақылын айтып, біраз сөзбен сыбап алыпты. Әжей Ақмарал соған ренжіп, кетіп қалды ма деп уайымдайды.

"Осы жерде отырып мен күйеу балама "Сен қалай ойланбай жүре бересің?! Балаң бар. Не жұмыс істемейсің. Істесең де болмашы ақша табасың да, оны ішіп қоясың. Қалай отбасы боласыңдар? Қалай сен бала бағасың?" деп ұрыстым. Сол күні ол үйге түнде сағат 1-2-де келді. "Қайда жүрсің?" деп айғайлап ұрыстым. Бір уақытта қарасам, қызым шығып бара жатыр. Енді тұрып "қайда бара жатырсыңдар?" дейін десем, жүре алмаймын", - деді Ақмарал Қалдыбаеваның әжесі Күлән Серботаева.

Сол ескертпей кеткен күннен бері бақандай 3 ай өтті. Одан бері 3 айлық болған шөбересі Рашит қазір 6 айға толған. Артына қарамай кеткен Ақмарал мен күйеубаланың содан бері телефон нөмірлері сөндірулі. Әжесі сонда да үміт үзбей, жиі-жиі хабарласады.

Қарашадан бері келеді деумен жүрген отбасы бүгін Қарасай аудандық полиция басқармасына барып, өтініш жазды.

"22 жастағы қыздың жоғалғаны туралы полицияға өтініш келіп түсті. Және Қарасай аудандық полициясында ресми тіркелді. Алдын-ала тергеу барысында қыздың жақындарымен ұрысқанның кесірінен үйден кеткені анықталып отыр. Қазіргі таңда іздеу жұмыстарымен аудандық полициядағы із кесушілер айналысуда. Және қыздың суреті және айрықша белгілері жазылған бағдар полицияның әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылды. Және барлық полиция учаскелеріне жіберілді", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Ақмаралды іздеуге қатысты шараларға Алматы облыстық полиция департаментінен бөлек, еріктілер тобы да жұмылдырылмақ. Енді қайғырған туыстары халықтан көмек сұрап, жас ананы көрген-білгендер болса төмендегі нөмірге хабарласуды сұрайды.

<iframe width="600" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/mbF033QO7jw" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.01.2020, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 09:07
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір, 11:30
    Анамды іздеймін!
    18 Наурыз, 09:42
    Қайынағамды іздеймін
    6 Ақпан, 11:03
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!
    13 Қараша 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша 2019
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан 2019
    Әкемді іздеймін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31