Сенi iздеймiн

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған әкесін тапты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Күтпеген қауышу! Америкалық ерлі-зайыптылар асырап алған қазақ баласы өз еліндегі отбасын тапты. 22 жастағы Арманды анасы босанған бойда, перзентханадағылар балалар үйіне өткізіп жіберген деп жазады stan.kz.

 

Ұлының табылғанын естіген әке ақ халаттылардың бұл шешіміне не себеп болғанын айтып берді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

Мұхиттың арғы жағындағы тағы бір қазақ баласы туғанын тапты. Бұл сүйінші хабар да әлеуметтік желіде желдей есті. Арман Ақышев бүгінде АҚШ азаматы. Бала күнінде шетелдік отбасы асырап алған ол, арада талай жыл өтсе де өз тамырын еш ұмытпаған екен. Оның
құжат бойынша қазіргі аты-жөні Nicolas-Arman Berton. Пенсильвания шататындағы Аллентаун қаласында тұрады.

 

"Баршыңызға сәлем! Менің аты-жөнім: Арман Ақышев. Мен Қазақстанда, дәлірек айтқанда Павлодар қаласында өмірге келгенмін. Мені 5 жасымда америкалық отбасы асырап алған. Сол уақыттан бері АҚШ-та тұрамын", - дейді Аллентаун қаласының тұрғыны Арман Ақышев.

 

Арманның туғандарын табуға Аида Көшекбаева деген өскемендік бойжеткен көмектескен.

 

Аида мен Арман фейсбук әлеуметтік желісінде кездейсоқ танысқан екен. Жылы әңгіменің соғы жігіттің жақындарын табуға сеп болған.

 

"Мен Арманнан жақындары жайлы сұрадым. Ол өзінің туған отбасы туралы айтты. Оған жақындарыңды тауып беруге көмектесейін деген ұсыныс айттым. Кейін оның қолындағы фотолар мен құжаттарды Фейсбуктегі "Қазақ-Америка қауымдастығы" тобына жарияладық. Екі күннен кейін туған-туыстары байланысқа шықты", - деді Өскемен қаласының тұрғыны Аида Көшекбаева.

 

Қуанышты хабар тек Арманның ғана емес, Павлодар облысында тұрып жатқан оның туған әкесінің де төбесін көкке жеткізді. Алайда, жақындары өздерін түсіруге келіспеді. Тек телефон арқылы тілдесті.

 

"Әке ретінде өзіңнің туған балаңды көргенде жүрегің бір селт ете түседі ғой. Қуанышта болдым. Қайтқан бір ұлым болған. Соны көргендей болдым. Атын өзім қойдым, шешесі көре алмаған арман деп. Өз фамилиямды бердім. Отчествосы өзімдікін бердім. Ол қағаздары бәрі өз қолында. Асырап алған кісілерге де алғысымды айтамын мен. Мен қуаныштымын. Басқа ештеңе сендерге айта алмаймын", - деді Арман Ақышевтің туған әкесі Шаймардан Ақышев.

 

Арман отбасындағы бесінші бала екен. Алты айлығында есту қабілетінсіз дүниеге келген. Ал анасы босанғаннан кейін көп ұзамай көз жұмыпты. Кенжесінен бас тарту әкесінің ойына да келмепті. Алайда, баланы аяққа тұрғызатын жағдайы болмаған соң, ақ халаттылар сәбиді балалар үйіне өткізуге көндірген. Ал бүгінгі ер жеткен Арманның жайы мынадай.

 

"Мен бассейнде құтқарушы болып жұмыс істеймін. Шамамен 4 жылдай болып қалды. Алдағы уақытта сәулетші мамандығына оқуға түсуді ойластырып жүрмін. Өйткені болашақта қауіпсіз үйлердің жобасын жасауды меңгерсем деген арманым бар", - Арман Ақышев.

 

Арманның денсаулығы бүгінде біршама жақсарған. Операция жасалып, аздап ести бастаған. Жас жігіт әлемдік пандемияға аяқталғаннан кейін бірден Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

 

Отбасынан бөлек, жақындарын табуға себепкер болған Аида Көшекбаевамен де кездесіп, оған алғыс айтқысы келеді.

 




Көрілген: 2146    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 09:07
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір, 11:30
    Анамды іздеймін!
    18 Наурыз, 09:42
    Қайынағамды іздеймін
    6 Ақпан, 11:03
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!
    13 Қараша 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша 2019
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан 2019
    Әкемді іздеймін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31