Сенi iздеймiн

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы туған анасын тапты

  • Азия Бергер. Фото: instagram.com/asia.saltanat

    Азия Бергер. Фото: instagram.com/asia.saltanat

АҚШ азаматтары асырап алған 20 жастағы Азия Бергер жақында қазақстандықтардан биологиялық ата-анасын іздеп табуға көмектесуді сұраған болатын. Енді бойжеткеннің анасын тапқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Азия Бергер Қазақстандағы биологиялық ата-анасын іздеп жүргенін Facebook қолданушысы Талғат Аламановқа берген сұхбатында айтқан еді.

 

Айтуынша, оны 19 жыл бұрын Семейде асырап алған. Сондай-ақ ол биологиялық ата-анасының есімдерін де атап берген.

 

Көптеген желі қолданушылары ата-анасын іздеп жүрген қыздың оқиғасымен бөлісіп, ақпаратты барынша таратқан болатын. Соның арқасында бойжеткен ақыры мақсатына жетіп, туған анасын тапқан көрінеді. Жақында ол өзі жариялаған посттың астына пікір қалдырып, онда өзінің өтінішіне бей-жай қарамай, қол ұшын созған жандарға алғысын білдірген.

Сондай-ақ туған анасымен хабарласқанын жеткізген.

 

"Біз бақыттымыз! Көмектескендеріңіз үшін барлығыңызға рақмет", – деп жазды Азия.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Азия қазір Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжде өнер саласында оқиды. Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, оның биологиялық ата-анасының есімдері – Құралай және Қуат Ашқановтар. 2000 жылы туған Азияны 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған екен.

 




Көрілген: 2464    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 09:07
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір, 11:30
    Анамды іздеймін!
    18 Наурыз, 09:42
    Қайынағамды іздеймін
    6 Ақпан, 11:03
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!
    13 Қараша 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша 2019
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан 2019
    Әкемді іздеймін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31