Анам Әсия Атабаеваға іздеу саламын
Сәлеметсіздер ме! Мен Тұрсынбаев Жұмабай өз анама іздеу саламын. Аты жөні Әсия Атабаева. 1971 бәлкім 1970 жылғы болуы керек. 15 жыл бұрын екі жасымда әжемнің қолына тастап кеткен. Одан кейін бір рет қана іздеп келген екен. Көкшетау қаласына көшіп кеткен деп есіттім. Одан басқа дерек жоқ. Таныған білгендер болса, қандай да бір естелік немесе мәлімет білетіндер болса бір хабарын берсеңіздер екен. Үлкен өтініш. Бір көргім келеді.