Сенi iздеймiн

Әпкелі-сіңлілер араға елу жыл салып коронавирустың арқасында табысты (фото)

  • Фото: Methodist Health System/Daniel Johnson

    Фото: Methodist Health System/Daniel Johnson

АҚШ-тың Небраска штатында әпкелі-сіңлілер коронавирустың арқасында 50 жылдан кейін қайта табысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

Басылымның хабарлауынша, 73 жастағы Дорис Криппен мамыр айында ауырып қалған. Ол бастапқыда тұмау жұқтырып алдым деп ойлаған, алайда уақыт өте келе әлсіздікті сезініп, тіпті әлсіздіктен құлап, қолын сындырып алған.

 

Нәтижесінде Дористың COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ол ауруханада 30 күндей жатуға мәжбүр болған.

 

Ал стационардан шығарылғаннан кейін Дорис Фремонт қаласындағы оңалту орталығына жүгінген. Ол орталықта күтпеген жерден жарты ғасыр көрмеген сіңлісі, 53 жастағы Бев Бороны жолықтырады.

 

Дористың сіңлісі аталмыш орталықта 20 жылдан бері қызмет етеді екен. Бев науқастар тізімінде Дористың есімін көргенде, әпкесін кезіктіргенін түсінген.

 

"Мен бұған сене алмадым. "Құдайым-ау, бұл менің әпкем сияқты" деп ойладым", - дейді Бев.

 

Дористың есту қабілеті нашар болғандықтан, Боро тақтаға олардың әкесінің атын жазған. Дорис сол кезде ол да әкесінің қызы екенін растаған.

 

"Жаратқан мені осында (оңалту орталығына) жіберіп, бізге мейірімін төкті. Себебі мұнда келмесем, сіңілімді таппас едім", - дейді Дорис Криппен.

 

Айта кетейік, бір-бірін жарты ғасыр көрмеген апалы-сіңлілердің әкелері ортақ болғанымен, аналары бөлек. Дористың анасы тәрбиелеп өсірген, ал Бевты алты айлық кезінде басқа біреулер асырап алған.

 

Әйелдердің басқа бауырлары мен әпкелері бар және Бев олардың көпшілігін тапқан. Енді олардың бәрі қайта бас қоспақ.

 

Айта кетейік, бұған дейін ағайынды жігіттермен бас қосқан әпкелі-сіңлілі арулар жайлы жазған едік.

 




Көрілген: 6071    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 14:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31