Ауыздан жағымсыз иісті қалай кетіруге болады?

Ауыздан жағымсыз иісті қалай кетіруге болады?

Ауыстан шығатын иіс – бұл ең жағымсыз және шетін мәселелердің бірі. Ол сұхбаттастарыңызды бездіріп, жеке өміріңізге кедергі жасауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін дер кезінде шара қолдану керек.

Тіс дәрігерлері ауыздан жағымсыз иістің шығуын ауыз қуысы гигиенасының ең кең тараған проблемаларының бірі, одан науқастардың 30%-ға дейінгі бөлігі зардап шегіп жүр дейді. Оның пайда болу себептері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Бірақ оны тіс пен тілде жиналатын тамақ қалдықтары мен бактериялардың туындататыны белгілі. Иісті сілекейдің тым көп шығуы күшейтуі мүмкін. Егер ауыз қуысы тым құрғақ болса, бактериялар ауыз қуысының бетіне белсендірек тұрақталады. Ауыздың құрғақтығы кейбір дәрілерді қабылдаудың кері әсерінен болуы мүмкін. Егер мұндай жағдайды байқап қалсаңыз көбірек су ішуге тырысыңыз және бұл туралы міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізбен сөйлесіңіз. Тағы бір мүмкін себебі – жүре тамақ жеу. Тамақты кенеттен жеген кезде ауызда қажетті сілекей мөлшері пайда болып үлгермейді. Сондықтан құрғақтай жемеудің және тамақты дұрыс ішуге уақыт табудың маңызы зор.

Бактериялардың көбеюіне тілге жасалған пирсинг себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар ол тіліңіздің бетін сапалы тазалауға кедергі болады. Сондықтан оны жасауға бел буғандар ауыз қуысын шайғыштарды пайдалану керек. Жағымсыз иіспен күресу мүмкін және қажет. Ең бастысы – ауыз қуысы гигиенасының ережелерін сақтау.

Тістеріңізді күніне кемінде 2 рет тазалаңыз. Міндетті түрде таңертең және түнгі ұйықының алдында кемінде 2 минут бойы тазалаңыз.

Тіліңізді тазалап тұруды ұмытпаңыз. Бұны қалай дұрыс жасау керектігін тіс дәрігері көрсете алады. Ауыздан жағымсыз иістің шығуына себеп болатын бактерияларды тиімдірек кетіруге көмектесетін тіл тазалауға арналған арнайы қабаты бар лайықты тіс щеткасын таңдап алуға да сол тіс дәрігеріңіз кеңес бере алады. (Мысалы, Oral-B Кешен Бес жақты тазалау щеткасын пайдаланып көріңіз).

Құрамында бактерияларға қарсы қосылыстары бар тіс пасталарын пайдаланыңыз. Қазіргі кезде құрамында қосымша балғындататын құрауыштары бар және тіпті шайғышымен бірге сатылатын тіс пасталары бар. Қақты және тістің арасындағы қол жеткізу қиын қуыстардан тамақ қалдықтарын кетіру үшін тіс тазалайтын жіпті пайдаланыңыз.

Жалбызы бар балауыз жібі бұл мәселені шешіп қана қоймай, қолданғаннан кейін жалбыз балғындығының дәмін қалдырады.

Ирригаторды пайдаланыңыз. Қысыммен суды шапшытатын бұл құрал қол жеткізілуі қиын жерлерді тиімдірек тазалауға көмектеседі.

Тістеріңізді тіс дәрігеріне жиі тексертіп тұрыңыз – ауыз қуысының проблемаларын тек сол ғана анықтап, тістеріңізді кәсіби деңгейде тазалай алады.

Деміңізді лезде балғындатуға мына шұғыл амалдар көмектесе алады:

Қант қосылмаған сағыз. Оның тіске зияны жоқ, бірақ оны аш қарынға шайнаудан бас тартқаныңыз жөн, тамақтан кейін шайнағаныңыз дұрыс.

Қияр немесе балдыркөк. Бұл көкөністердің шығарылатын сілекей мөлшерін көбейтетін қасиеті бар. Егер қиярдың бір бөлігін аузыңызда бір минут бойы ұстап тұрсаңыз жағымсыз иіс толығымен дерлік кетіп қалады деуге болады.
Қалампырдың басы. Бұл дәмдеуіш эфир майларына бай болады және қатты шығатын иісі бар. Оны тістеп көріңіз – әсерін бірден байқайсыз.
Деміңізді балғындататын спрей қолансаңыз болады. Ең бастысы – оның құрамында алкогольдің жоқтығына көз жеткізу, себебі спирт шырышты қабықты қатты құрғатып жібереді. Сол себептен ауыздың жағымсыз иісін иіссудың немесе әтірдің көмегімен кетіруге тырыспаңыз.

Ал сізде мұндай шетін проблема болып көріп пе еді? Оны қалай шештіңіз?

kz.everydayme.com

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста