Әйел денсаулығын күтуге 16 кеңес

Әйел денсаулығын күтуге 16 кеңес

Нәзік жанды әйел денсаулығы бүкіл өмірінде бірнеше кезеңнен тұратын өзгерістерден өтеді. Оның әрқайсысы әйелдің психологиясы мен денсаулығына әсер ететіндіктен оларға ерекше күтім керек. Одан бөлек, ғалымдар әйел денсаулығын сақтау үшін мына 16 нәрсені орындауы керек деп санайды.

1. Британ ғалымдары бактерияға қарсы сабындармен жиі жуынуға болмайды деген тұжырымға келіп¬ті. Мұндай сабындар әйелдің бактериалдық те¬пе-тең¬ді¬гін бұзатын көрі¬неді. Себебі антисептикалық күшке ие сабын әйелдің нәзік ағзасындағы бөгде ғана емес, пайдалы өз бактериясын да жойып жібереді. Содан әйел жиі суықтайтын болады дейді зерттеушілер.
2. Жүктіліктен сақтайтын таблеткаларды дәрі¬гер¬мен кеңесе отырып, тұ¬рақты түрде, толық бір емдік курс ретінде қабылдау керек. Мұны әлемдік гинекологтар қауымдастығы мақұл¬даған. Бұрын мұндай таблеткалар бүйрек пен бауыр¬ға зиян делінетін. Кейінгі, заманауи саналатын, жетіл¬дірілген дәрілер жүктілік¬тен қорғаумен аналық безінің қатерлі ісігінің қаупін 30 пайызға азайтатыны анықталған.
3. Әйелдерге қызыл шайды көбірек ішкен пайдалы. Ол ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіреді. Сол арқылы тіс жегісін болдырмайды, әрі тамырлардың тү¬йі¬ліп қалуына жол бермейді. Ал ауыз қуысындағы бактериялар жүрек-қан тамырларының тарылуына себеп болатынын Америка ғалымдары дәлелдеген.
4. Барлық газдалған тәтті сусындарда фосфор қышқылы (Е338) болады. Ол ағзадағы кальцийді жуып кетеді. Ал кальций же¬тіс-пеушілігі әйел шашының тү¬суіне, тісінің мүжіліп, тырнағының сынуына се¬бепші. Одан бөлек сүйегінің жұқарып, майысқақ болуына жол ашады. Ондай жағдайда 40 жастан кейін әйелдің бойы кішірейіп, бүкірейе бастайды. Бұл тапшылық баланың дамуына да үлкен кедергі.
5. Наркологтар аз мөл¬шерде ішкен алкогольдің зия¬ны жоқ дегенмен, онкологтар әрбір тамшы ішімдіктің әйел ағзасындағы рак клеткасының «оянуына» себепші болатынына алаңдайды. Тіпті пайдалы дейтін қызыл шараптың өзі сүт безі қатерлі ісігінің қаупін ұлғайта түседі екен. Себебі нәзік жаралған әйел ағзасы мұндай улануды көтермейді.
6. Фолий қышқылы әйелдің ағзасы сау, терісі сымбатты, ұрпағы сау болуы үшін аса керек витамин. Сондай-ақ ол әйел жанарының жарқылын сұлуландырып, көру қабілетін жақсартады. Оны В6 және В12 витаминдерімен қоса жылына екі рет ішу сау әрі жас көрінудің төте жолы.
7. Артық салмақтан арылу үшін диетолог ке¬ңесінсіз түрлі фитошай ішіп, азықтан бас тарту әйел сүйегін әлсіздендірумен қатар тез әжім түсуіне, иммунитетінің төмендеп, жұқпалы дертке шалдығу қаупін арттыра түседі. Сондықтан тым толық та, тым арық та болудың қажеті жоқ. Ал салмақ тастау керек болса, міндетті түрде жас пен ағза ерекшелігіне лайық диетаны дәрігер тағайындағаны жөн.
8. 45 жастан асқанда әйелдерде менопауза кезеңі басталады. Бұл кезде жыныс¬тық гормондар белсенділігі төмендейді. Сол кезде жас кезінен өзін, денсаулығын күтпеген әйелдерде ішек қатерлі ісігі, остеопороз дерті «оянуы» мүмкін. Оның алдын-алу үшін дәрігер гормоналдық таблетка ішуді ұсынады. Бірақ оны әр жо¬лы іше бермей, ара-арасында дәрігермен кеңесе отырып ауыстырып тұрған жөн. Әйтпесе гормоналды таб¬леткалардың бір-біріне кері әсері cүт безі мен аналық бездің қатерлі ісігіне ұрындыруы мүмкін.
9. Соңғы зерттеулер жатыр мойны қатерлі ісігіне темекі тартатын әйелдер¬дің көп шалдығатынын анықтаған. Түтіннің одан басқа да басқа зиянды жағы жетерлік.
10. Күн сәулесінен бөлі¬нетін Д витаминінің же¬тіспеушілігі иммунитеті әлсіз әйелдерді бедеулікке соқ¬тыратынын Йель уни¬вер-ситетінің ғалымдары дәлелдеді. Сондай-ақ поликистоз дертіне шалдығушылардың 95 пайызында осы жетіспеушілік байқал¬ған. Сондықтан әйелдердің күнінен 1-2 сағат күн астында серуендегені дұрыс.
11. Безеуге қарсы, күнге күюден сақтайтын мазьдарды жиі пайдалану әйел терісін 40 жастан кейін тез қартаюға жетелейді. Сондықтан оларды барынша аз пайдалануға тырысқан абзал.
12. Халықаралық психикалық саулық ұйымының деректері бойынша, орта жастан кейін әйел стресс пен уайымға берілгіш келеді екен. Тіпті жер бетіндегі әрбір төртінші әйел созылмалы күйзелістен зардап шегетін көрінеді. Оның тұр¬мыстық тауқыметтен бө¬лек екінші себебі триптофан аминқышқылының же-тіс¬пеушілігінде жатыр. Оны банан, ірімшік, өрік пен күркетауық етінен табуға болады.
13. 30 жасқа дейін кем дегенде екі бала туып, олардың әрқайсысын 2 жас¬қа дейін емізген әйел аналық және сүт безі қатерлі ісігіне сирек шалдығады, ревматоидты артрит ауруы¬на шалдығу қаупі де өте аз болады екен. Мұны Швед ғалымдары растайды.
14. Жер шарындағы әйелдердің шамамен 70 пайы¬зы арқасының ашып, белінің қақсап ауыратынына шағымданады. Жас ұл¬ғайған сайын қаттырақ мазалай түсетін бұл дерт¬ті болдырмау үшін гантель көтерген дұрыс екен. Ол іштің тартылуына, терінің болбырап босап кетпеуіне көмектеседі.
15. Әйелдердің 86 пайызында түрлі асқазан дерті бар дейді дәрігерлер. Асқазан мен ішек қатерлі ісігі осыдан бастау алатынын ескерсек, әйелдер іштің жай ғана кебуіне, асқазанның қыжылдауына қалыпты нәр¬се деп қарамай, емдел¬гені дұрыс көрінеді.
16. Тұрақты жыныстық қатынас пен одан дұрыс ләззат алу әйелді 5-6 жылға жас көрсетеді, түрлі гинекологиялық аурулардан азат, иммунитетін жоғары, көңіл-күйін керемет етеді.

«Халық емі – Целительсто».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста