Денсаулықты сақтаудың дәстүрлі емес тәсілдері

Денсаулықты сақтаудың дәстүрлі емес тәсілдері

Денсаулықты сақтаудың қазіргі тәсілі жақсы нәтиже бермейтінін өмірдің өзі анық көрсетіп отыр. Ауырған адамдар дәрігерге барып, ол жазып берген дәріні қабылдайды, ауруы аздап саябырсығандай болады. Содан кейін көп ұзамай тағы да ауру шығады.

Бүгінде Қазақтанда жүздеген емханалар мен ауруханалар бар, жыл сайын миллиардтаған теңге денсаулық саласына бөлінеді, қазіргі заманғы ең соңғы техникалық құрылғылар сатып алынады, бірақ соған қарамастан науқастар қатары азаяр емес. Қаптаған емханаларда кезекте тұратындар саны көбейе түсуде, ал ауруханаларда орын жетіспейді.

Ерте заманнан бастау алатын денсаулықты сақтаудың дәстүрлі емес тәсілдері ғасырлар сынағынан сүрінбей өтіп, өзінің өміршеңдігі мен нәтижелілігін көрсетіп келеді. Йога, цигун сияқты ежелден келе жатқан денсаулық сақтау тәсілдерін бүгінде миллиондаған адам пайдаланып, нақты нәтижелерге жетуде.

Сондай-ақ, денсаулық сақтаудың оңтайлы амалдарын ойлап тапқан озық ойлы ғұламалардың жаңа тәсілдері де нәтижелілігін дәлелдеп, оны миллиондаған адамдар қабылдап жатыр. Сондай денсаулық сқатаудың дәстүрлі емес тәсілдерінің бірі – рэйки.

Тәңіри және материалдық емес қуат.

20 ғасырдың басында жапон ғұламасы Микао Уиси негізін қалаған РэйКи – тәңіри (Рэй) және материалдық (Ки) қуат деген сөзден алынған. Данышпандық немесе тәңіри рух барша тіршілікті көктей өтіп, өрмекшінің өрмегіндей шырмап тұрады, ал материалдық емес ки қуатымен барлық заттар қоректенеді.

Әмбебап рэй қуаты біздің өмірімізге бағыт-бағдар беріп, өзімізді жетілдіруімізге ықпалын тигізеді. Ки қуаты болса барлық адамдар мен жан-жануарларда, өсімдіктерде болады. Осы екі түрлі қуатпен толық нәрленген адам өзін күшті және сергек сезінбек. Ал қуаттың азаюы адамның көңіл күйіне жағымсыз әсер етіп, түрлі аурулардың бой көтеруіне ұшыратады.

Ежелгі шығыс философиясы бойынша әлем үш шеңберлі қуаттан тұрады: ғарыш, жер және адам. Ки ғарыш қуаты көктен жерге түссе, ки жер қуаты әрдайым аспанға көтерілуге ұмтылады. Ки адам қуаты осы екі қуаттың түйісуінен құралады.

Қуаттардың адамға әсері.

Біз әрдайым жоғарыда аталған ғарыш және жер қуатын сезініп отырамыз. Ки ғарыш қуаты біздің ар-ұятымызды басқарса, ки жер уақыты нәпсілік тілектерімізге әсерін тигізеді.

Рэйки осы қуаттарды ой-сана арқылы емдеуге бағыттап, денсаулықты сақтауды және нығайтуды жүзеге асырады. Рэйкидің арнайы жаттығуларымен айналысып, биік деңгейге жеткен шеберлер аталмыш қуаттарды сезініп, соны еркін басқара алады.

Қуаттар адамның бойында арнайы емдеушілік жағдай туғызып, небір жазылмайтын дерттерден айығуға игі ықпалын тигізеді. Ки қуаты қайдан алынады? Ауадан, ішіп-жеген тамағымыздан, күн сәулесінен және ұйқыдан.

Ки қуаты денсаулықтың негізгі қайнар көзі болып саналады. Барлық ағзаларымызды көктей өткен ки қуаты клеткаларымызды тірілтіп, оның тіршілігін ұстап тұрады. Осыған орай, ки қуаты ағынының кез келген бұзылу жағдайы, ауруға ұшыратады.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста