Сенi iздеймiн

Елорда тұратыны 9 жыл бұрын жоғалған ұлын тапты

  • https://zi.ua/

    https://zi.ua/

Елордалық 9 жыл бұрын жоғалған ұлын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, бұрынғы Қосшы ауылының тұрғыны Гүлдариға Нұрбаева 16 жастағы ұлы Мұратты соңғы рет 2011 жылы көрген. Сол жылы ол ұлының жоғалғанын полицияға айтып, көмек сұраған. Белгілі болғандай, жасөспірім бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.

 

Оның жоғалғаны туралы алғаш рет 2011 жылдың 29 қыркүйегінде полицияға арыз түскен. Кейін тәртіп сақшылары жасөспірімді тапқан. Алайда, кейін арада бір ай өткен соң жасөспірім жеке заттарын жинап, үйінен тағы кетіп қалған. Содан бері одан еш хабар болмаған.

 

«Мұхтарды іздеу үшін арнайы топ құрылып, көрші облыстар мен елорда аумағында іздестіру жұмысы жүргізілді. Қолға алынған шаралар нәтиже бермеді. Дегенмен, 2020 жылдың мамыр айында 9 жылдан кейін 25 жасқа келген Мұхтардың Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы бір ауылда жүргені анықталды. Осы уақытқа дейін ол таныстарының үйінде болған және анасымен байланысқа шығудан бас тартты. Оның үйінен кетіп қалуына отбасындағы кикілжің түрткі болған. Қазіргі кезде оның анасы Нұр-Сұлтан қаласында тұрады және ұлының табылғанына қуанышты» дейді ведомстводан.

 




Көрілген: 1111    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 09:07
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір, 11:30
    Анамды іздеймін!
    18 Наурыз, 09:42
    Қайынағамды іздеймін
    6 Ақпан, 11:03
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!
    13 Қараша 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша 2019
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан 2019
    Әкемді іздеймін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31