Сенi iздеймiн

Желіде тараған суретті көріп, 10 жыл бұрын жоғалған туысын тапты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Бразилиялық отбасы 10 жыл бұрын жоғалып кеткен туысын тапты. Үй-күйсіз жүрген қаңғыбас суреті желіде тараған соң туыстарымен қауышты.

 

Жоау Коэльо Гимарес 2010 жылы жоғалып кеткен. Ол өмір сүру үшін көшеде қоқыс жинап, жан бағып келген.

 

Киім дүкенінің иесі, бизнесмен Алессандро Лобо Жоау Гимареске тамақ береді. Алайда қаңғыбас тамақтан бас тартып, оның орнына шаш-сақалын алып беруін өтінеді. Бизнесмен оның айтқанын орындайды. Онымен қоса жаңа киімдер сыйлап, шашын әдемілеп қиғызады.

 

 

"Оның шашын, сақалын алып, көңіл-күйін көтердік", - деді Лобо.

 

Осыдан соң кәсіпкер үш жейде мен шалбар, жаңа аяқ киім сыйлайды. Лобо Гимарестің шашын алмаған кезін және алғаннан кейінгі суретін желіде жариялайды.

 

Лобоның айтуынша, Гимарес өз келбетіне риза болып қайтыпты. Сурет желіде тараған соң туыстары Гимареспен кездесуге келеді.

 

 

"Туыстары суретті көріп, бізге хабарласты. Бір адамның тағдырын өзгерту үшін кішкене ғана қадам жеткілікті. Біз мұның соңы осылай аяқталатынын білген жоқпыз", - деді бизнесмен.

 

Айтуынша, ол өзге кәсіпкерлер мұқтаждарға көмектессін деген ниетпен Гимарестің суретін әдейі жариялаған екен.

 

 




Көрілген: 8029    Пікірлер: 0

жұма, 25.12.2020, 00:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31