Жөтел тигенде үйде қосымша қалай емделуге болады?

Жөтел тигенде үйде қосымша қалай емделуге болады?

Ең басты ереже – сусынды көбірек ішу (ең дұрысы сілтілік минералды су) ол микропты өлтіріп, оны шығарудың жолын жеңілдетеді. Аз мөлшерде сода қосып, жылы сүт ішу де пайдалы. Теңіздің балғын жидектері ағзаға жақсы құнар беретінін де ұмытпаған жөн. Әрине, емдік шөп тұнбаларын ішу керек.

 Тамақты булау арқылы аурудан айығу

Тамақты булау тәсілі жөтелді кетіруге жақсы әсері береді. Бұл жағдайда, белсенді компоненттер бронханың қабыну аймағына түседі де, ұзамай іске кіріседі.

 

Тамақты қалай булауға болады?

Ең қарапайым және тиімді тәсіл – бір стақан ыстық суға 1 шәй қасық сода мен 2 тамшы йод қосып, тыныс алу. Сода тыныс жолдарының шырышты қабатындағы бактерияларды өлтіреді.
Емдік шөптермен тамақты булау. Бұған әртүрлі шөптер пайдалануға болады: жалбыз, эвкалипт т.б. Үйде қандай шөп бар, соларды пайдалансаңыз да болады. Алдымен қайнатып алып, олардың емдік қасиеті бар құрамдас бөлшектерін шығаратындай дәрежеге жеткізу керек.
Әжелеріміздің тәсілі – қайнатылған картоппен булау. Картопты қайнатып, жәймен езу керек. Тамаққа таңу керек.
Тамақты күніне 10-20 минуттан бірнеше рет булау керек. Булап болғаннан соң, суыққа шықпай, үйде отырған дұрыс.

 

Жөтелден емделудің халықтық тәсілдері

4 грек жаңғағын жақсылап жуасыз. Оны қабығымен бірге балғамен ұрып, әбден майдалайсыз да, банкаға саласыз. Оған қара аю бадам гүлі мен балдың бір ас қасығын қосасыз. Содан соң екі стакан қайнаған су құйып, қақпағын жауып, сыртынан сүлгімен орап қоясыз. Осылайша суығанша тұруы тиіс. Күніне үш рет жарты стаканнан ішу керек. Бұл дәріні үш рет дайындап ішсеңіз жеткілікті. Соның өзінде жөтел басылып қалады.
Кішкентай бала жөтеліп қалса, мына әдісті қолданып көріңіз. Баланың көкірегін жеңіл маймен сылап, сыртынан жүннен тоқылған орамалмен орап, оның үстінен «грелка» қоясыз. Көп уақыт өтпей-ақ жөтел басылып қалады. Сонымен қатар арқаны, табанды, көкіректі маймен сылау өте тиімді. Бұл емдік шараларды ұйықтар алдында түнде жасаған абзал.

 

Жөтелмен ауырғанда пайдалануға болатын азықтар.

10 шақты ұсақтап туралған бадана мен 1 бас сарымсақты жұмсарғанша табиғи сүтке қайнатып, азғантай бал мен жалбыз қосыңыз. Қабылдау мөлшері: күніне бір мезгіл ас қасық.
Қара шомырды (черная редька) алып, аршып, ортасынан кішкене шұңқыр жасап, әрі қарай өте жіңішке саңылау етіп тесіледі. Шомырдың өзі стақанның бетіне қойылуы керек. Осы шұңқырға бал құйылады. Бал шомырдың саңылауынан өтіп, стақанға құйылғаннан кейін сол балды ішу керек.
2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық бидай ұны, 2 шай қасық таза балды 2 ас қасық табиғи маймен араластырып, күніне бірнеше рет бір шай қасықтан ішіңіз.
шомыр (редька) немесе сәбіз шырыны мен сүтті бірдей мөлшерде алып, балмен араластырып, күніне алты рет 1 ас қасықтан ішіңіз.
1 шомырға 10 грамм бал қосып қойып, 12 сағаттан соң пайдалануға болады. Қабылдау мөлшері: күніне 4-5 рет 1 шай қасықтан.
2 ас қасық май, 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық ұн, 2 шай қасық балды араластырып, күніне 3-5 рет тамақтанар алдында қолдану керек.

Жылы сусын көбірек ішіп, терлеу керек. Термен бірге ішке кірген суық шығады. Емізетін бала болса, көбірек емізген жөн.

 

БІЗДІҢ БЕРГЕН КЕҢЕСТЕР СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗҒА ЖАРАЙДЫ ДЕГЕН ҮМІТТЕМІЗ! АУЫРМАҢЫЗДАР!

anabol.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста