ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ШАЛҚАЛАП ҰЙЫҚТАУДЫҢ ҚАТЕРІ

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ШАЛҚАЛАП ҰЙЫҚТАУДЫҢ ҚАТЕРІ

Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінің дәрігерлері ай-күні жақын қалған жүкті әйел адамдарға шалқалап жатпауға кеңес береді. Тhe Journal of Physiology басылымында жарияланған ғылыми мақалада бұл жатыстың кесірі перзентіңізге тиетіні ескертілген.
Ғалымдардың сөзінше, жүктілігіне тоғыз ай болған әйелдердің шалқасынан жатуы баланың өлі туылу қаупін жоғарлатады. Дәрігерлердің пайымдауынша, бұған жатырдағы нәрестенің жүрек қағысының жиілігі өзгеріп, қанға жеткізілетін оттегінің төмендеуі себеп.

Ғалымдар 7-9 айдағы 29 жүкті әйелдің ішіндегі нәрестелерінің жүрек қағысының жиілігін бақылаған. Ары қарай олар жүкті әйелдердің басқаша ұйықтауын және оның баланың денсаулығына әсерін зерттеген. Сонымен қатар, олар Ұлыбританияда әрбір 227-ші баланың өлі туылатынын атап өтті.

Мұның алдында америкалық ғалымдар жүкті әйелдің күйзеліске шалдығуы баланың ер жеткен шағында когнитивті қиындықтар мен мазасыздықтың пайда болуына әкелетіндігін хабарлаған болатын.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста