Қазақ емшілігі: сынған сүйекті отасыз орнына салу

Қазақ емшілігі: сынған сүйекті отасыз орнына салу

Қазақтың оташылық (сынықшылық) өнері әлемде сирек кезігетін ғажап өнер. Қытайдың Алтай аймағы Бурылтоғай ауданында тұратын Мәулітшәріп Қабаұлы – осы өнермен мықтап айналысқан емші. Төменде сол емшінің «Қазақ емшілігі» деген кітабынан сынықшылық туралы жазбаларын жариялауды жөн көрдік.

Сынықшылық – қазақ емшілігінде төтенше дамыған. Ол қарапайым, оңай әрі тез жазатын, тән азабын тартқызбайтын ғылыми жүйесі күшті, ұзақ уақыт сыннан өтіп, тұрақтанған ғылым есептеледі.

Оташылық (сынықшылық) көзбен көріп, қолмен ұстап істейтін жұмыс. Оташылықта сүйек таңу, буын салу қатарлы жұмыстар ғылыми, жүйелі, басқышты түрде жүргізіледі.

Қол-аяқ (ұзын сүйек) сынығын таңу немесе шыққан буынды орнына салудың ортақ ерекшелігі – тарту. Тартуда оның бағыты тура болуы, баяу тартудан біртіндеп қатты тарту, сынық немесе шыққан буын аралығын мәлім мөлшерде созып барып, қоя беріп орнына түсіру басты орында тұрады. Мұнда еттің қыстырылуы болмайды.

Сынық немесе буын орнына түсті деп межелегенде оны екінші жағымен салыстыру керек. Мысалы, оң қол сынған болса, сол қолмен салыстырып барып таңу керек. Таңу барысында сынған орынға қарай ағашты лайықты жұқалап шауып, қалып жасаған жөн. Сыныққа келетін жағына мақта немесе түйе жүнін тегіс екі жақ ұшына асыра қойып, сыртын жұқа шүперекпен орап қояды.

Сынықты салған соң қара шай, тұзбен толық сылап, бостау етіп орап барып, сыртынан сүйемелдеу мақсатында жаңағы ағаш қалыптармен таңамыз. Мұнда 5-6 парша ағаш қалып дайындалады. Ұзын-қысқалығы лайықты болуы, оташы өзі жөндеуі немесе шебер адамдарға жасатуы керек.

Буынды салуда буынды орнына қарай тартып барып, бағытына қарай иіп, әрекет мөлшерін байқау керек. Мысалы, шынтақ буынын салғанда, тартып орнына түскен соң ішке қарай иіп, әрекетін байқау әрі екінші шынтақ буынымен салыстыру керек.

Паршаланып сынған сүйекті салғанда қан тоқтатумен бірге өте ұсақ сүйектерді алып тастап, жарақаттанған орынды ашық қойып, анжы өткізіп таңу керек. Сондай-ақ тартуды, ысқылауды лайықты қолдану арқылы сынған сүйек пен еттің бұзылуын алдын алатын қосымша емдеу жолымен ұштастыра білу керек.

Бас сүйектің сынуын әдетте көп кезіктірмейміз. Кейде бастың жігі ашылуы сияқты жағдайлар байқалса, бас теріні сыртқа қарай тартып барып, ашылған жікті жақындатып немесе тигізіп барып, орап таңады. Таңғанда өте қатты байламау әрі өте қалың таңып, қомыттамау керек.

Мойын буынын салғанда, шұғыл тартпау, көп уқалап сарысуын таратып, көбірек сормақта тарту арқылы баяу созып-тартып, біртіндеп орнына түсіру тиіс. Шыққан мойынды қатты ұрып түсірмеу, тіпті қатты баспай, өз жолы бойынша баяу, біртіндеп тарту керек. Тарту бағыты жалғасты болуы, баяудан күштірек болып, босатып алмау керек.

Қысқасы, көп уқалап, баяу тартып, біртіндеп созып, тарту реттілігі тура болудай заңдылықтарды дұрыс игерген жөн. Мұнда жұлын іркілудей қатерлі зардаптар туатынын білуіміз керек. Буын орнына түскеннен кейін сормақта тартып, жылы орап қою керек.

Омыртқалардың (арқа, бел омыртқалары) сынуын немесе орнынан тайуын таңуды сол жердің өз тұсынан салу немесе таңу керек. Бас немесе аяқтан тартуға мүлде болмайды. Бұлай тарту – жұлынның созылуына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда науқас адамның өміріне қауіп төнеді.

Сынған сүйек таңылған соң мертіккен адамды қозғалтпай, жұқа салынған түзу тақтай төсекке шалқадан жатқызу керек. 10-14 күн мөлшерінде аунатып тұруға, басқа қырынан жатқызуға болады.

Қабырға сүйектер сынғанда оны тартпау керек. Тек құмыра немесе торсықты бірнеше рет күшпен үрлетіп, мөлшерлі орнына барғанда жалпақ былғарымен желімдеп тастаған жөн.

Ұршық буыны шығу көбінесе сыртқа қарай болады. Оны салғанда созып тарту мен қолмен басып түсіруді өзара ұштастырған жөн. Буыны шыққан немесе сынған жамбас сүйек болса, жамбасқа тураланған ағаш қалып жасалумен бірге, бел және шап жағына келетін өлшемді қалып жасап, жамбастың қозғалмай тұруына мүмкіндік еткенде ғана буын тайу менесе сынықты ақаусыз жазуға болатынын ескергеніміз жөн.

Иық буынын салғанда сөзсіз орнына тура салумен қатар жақсы болуы, таңғанда қолтықтан көтере таңып, иықтың әдетегі буын шығуын салумен бірге асу уақыты 30 күнен кем болмауы керек. Өйтпегенде ойнамалы болып кетеді. Бұған аса мән беру керек.

Бұғана буынының шығуы немесе сынуы болсын, тек орнына түсіріп, сүйемелдеп қойса болды, өздігінен жазылып кетеді.

Шынтақ буын шығу немесе сынуын өте көңіл қойып, орнына салу және таңу керек. Алғашында түзулеп таңу, 5-7 күннен кейін ішіне қарай иіп таңу керек. Осылай бірнеше рет қайталау тиіс. Өйітпегенде қол түзу болып немесе иіліп қалады. Мертіккен адам жазылған соң түзу ұстау немесе иіу әрекетін көбірек істеген жөн, бұған мүлде селқос қарауға болмайды.

Алақан, табан буындарының шығуы немесе бақайшықтардың сынуы болсын, барлығында орнына түсірген соң, таңатын ағаш қалыпты қол болса қолдың сыртына, табан болса, табанның астына келтіру керек әрі таңу уақыты ұзағырақ болғаны жөн. Әдетте қол бармақтары, аяқ бақайшықтары мертігуі көбірек кездеседі, бұлардың сүйегінің жетілуі өте баяу болады. Ұзын сүйектерге (жілікке) бұл ұқсамайды. Әдетте 6 ай мөлшерінде толық қалпына келіп болады.

Жақ сүйектерінің сынуы орнына келтірілген соң, сыртын қалыппен таңып, ішін тот баспайтын сым темірлермен астыңғы, үстіңгі тістерден матап, туралап байлап тастау, тамақ бергенде қуатты тағамдарды сұйық қылып ішкізген жөн. Бұған кем дегенде 40 күн уақыт кетеді. Әдетте балалардың сүйегі тез жетіліп, 2 апта айналасында сүйек ілінеді, бір айда жазылады. Жастар мен орта жастағылардың сүйегі 40 күнде ілініп, 100 күнде қалпына келеді. Қарттардың сүйегі морт болғандықтан, 100 күннен 120 күнге дейінгі уақытты қажет етеді.

Дайындаған: Ұларбек Дәлейұлы

baq.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста