Сенi iздеймiн

Қазақстандық ана жоғалып кеткен ұлын 12 жылдан кейін Ресейден тапты

  • CC0 / Free-Photos

    CC0 / Free-Photos

66 жастағы павлодарлық әйел 12 жылын жоғалып кеткен ұлын күтумен өткізген. Тұрғынға баласын қайтаруға өңірдегі полиция қызметі көмектесті, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Осыдан 12 жыл бұрын Шарипа Сәлімханова баласын іздеуге кіріскен. Ұлының тұрақты жұмысы болмаған. . Ал 2012 қылмыс жасаған. Қылмыстық қудалаудан қорыққан жігіт заңсыз Ресей шекарасын кесіп өтіп, жасырынған.


Осы уақыт аралығында анасы күдер үзбей, баласын табуға тырысыпты. Ол қос елдің шекара қызметінен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінен, полициядан көмек сұраған. Алайда павлодарлық әйел 7 жылдан соң, яғни 2019 жылы туған ұлынан хабар алыпты. Оның баласы Барнауыл қаласындағы арнайы мекемеде қамауда болған. Шарипа Сәлімханова ұлын алып кету үшін сол жаққа аттанды.


Алайда баласын Қазақстанға әкелу оңайға соқпапты. Себебі, оның жеке басын куәландыратын құжаты болмаған.


Павлодардық Ресейдегі Қазақстан консулының жеке қабылдауына кіре алмапты. Ал арнайы мекеменің қызметкерлері ұлына жаңа құжат жасауға 6 ай уақыт кететінін айтқан.


Мұны естіген әйел Павлодар облысы полиция департатаменті көші-қон басқармасынан көмек сұрады. Олар Омбы қаласындағы Қазақстан консулдығына хабарласқан.


Қазақстан консулы Тәуекел Сәкен 2 аптаның ішінде бұл мәселенің шешімін тауып, павлодарлық әйелдің ұлы Жантасқа елге қайтару туралы куәлік берген. Ал Павлодар облысы көші-қон басқармасы жігітке жеке басын куәландыратын құжатты қалпына келтіруге көмектескен. Ол 30 қазан күні құжатты қолына алды.


Жантас полицейлерге шексіз алғысын білдіріп, заңды бұзбауға уәде берді.


 sputnik




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 12:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қараша, 15:32
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша, 19:06
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан, 14:07
    Әкемді іздеймін
    17 Қыркүйек, 12:56
    Атамның сүйегін іздеймін
    14 Тамыз, 16:25
    Ағамыз табылса екен
    4 Мамыр 2017
    Қаназдық
    18 Наурыз 2017
    Балалардағы бронхит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30