Сенi iздеймiн

Қыста қандай тағам жеу керек?

  • Қыста қандай тағам жеу керек?

    Қыста қандай тағам жеу керек?

Мыңдаған жыл бойында адам ағзасы өзі өмір сүретін ортаға толықтай бейімделді. Және оның туған асханасы ғана ағзасын қанағаттандыра алады екен. Ал, төрт бірдей маусымды өткеретін біздер тамақтану жағына келгенде талғампаз болуымыз керек. Яғни, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерінде тағам рационына өзгерістер енгізіп тұруды ұмытпаңыз.


Мәселен, желтоқсан айының бірінші жұлдызы мен сәуір айының бірінші жұлдызына дейін төмендегі тағамдарды серік еткеніңіз жөн. Бұл – мамандардың іріктеуі.


Ашытылған қырыққабат


Оның құрамында В, С, К дәрумендері бар. Ашу үдерісі қырыққабатты сүт және сірке суы қышқылдарымен байытады. Ал, бұл қышқылдар ас қорытудың жақсаруына әсерін тигізеді. 



Д дәруменіне бай азық-түліктер: жұмыртқа, балық, балық уылдырығы (икра), бауыр, сары май және сүт. Бұл тағамдар иммунитетті көтеріп, тері жағдайын, көздің көруін, есте сақтау қабілетін жақсартады. Негізінде, сүт өнімдері мен балық барлық маусымда аса қажет. Алайда, қыста теңіз балықтарының энергетикалық құндылығы артып, сүт майлы бола түседі.




Мұздатылған жидектер. Консервациялау – өткен онжылдықтың жаңалығы. Бұрынғы кездері адамдар күзде піскен жеміс-жидекті консервілеумен немесе қақтаумен айналысатын. Ал, диетолог мамандар жидектерді тоңазытқышта қатырып сақтау олардан тосап жасағаннан, кептіргеннен әлдеқайда пайдалы дегенді айтады. Мұздатылған жидектер тосапқа қарағанда пайдалы заттарын көбірек сақтап қалады.




Мүкжидек. Құрғақ, салқын жерде сақталатын қысқы жидектер бір ай бойы бойындағы құнарын сақтап тұра алады.



Мүкжидектің құрамында С және РР дәрумендері көп кездеседі, онан басқа, өте күшті антиоксиданттық қасиетке ие.




Көк-сөктер. Кинзаның, базиликтің, ақжелкеннің, аскөктің кептірілген жапырақтары жаңадан терілген кезіндегідей өте пайдалы.




Жемістер мен көкөністер. Алманың қысқы сорттары, сәбіз, қызылша, пияз, тамыр сабақтар – қысқы тамақтың сұлтандары осылар.




Экзотикалық жемістер. Экзотикалық жемістерді шамадан тыс жеу аллергиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Бірақ, бас тартуға болмайды. Киви, авокадо, фейоха және цитрустық жемістер С дәруменінің негізгі көзі саналады. Ал С дәруменінің суық тиюмен және кәрілікпен қалай күресетіндігін өзіңіз де жақсы білесіз.

Аталған тағамдармен достаса отырып, қытымыр қыстан аман шығыңыз!


Айгерім Сматуллаева


muslim.kz




Көрілген: 3024    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.12.2016, 12:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 16:25
    Ағамыз табылса екен
    4 Мамыр 2017
    Қаназдық
    18 Наурыз 2017
    Балалардағы бронхит
    19 Ақпан 2017
    ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31