Мүмкіндігі шектеулі жігіт жоғалды
Бауырының үйіне шыққан жігіт сол күйі қайтып орал­маған. Мүмкіндігі шектеулі жігіт төрт күннен бері табыл­май жатыр.
 
Ол 8 қаңтар күні кешкі 17.00 шама­сында бауырының үйіне ба­рамын деп шыққан күйі орал­маған.
 
арық, бойы 155-160 сантиметр жігіт аяғын ақсап басады. Қыс­қалау шашы ағара бастаған. Шыққан кезінде қара түсті күрте, қара қысқы бас киім, қара түсті етік пен қара шалбар киген.
 
«Жедел іздестіру шаралары ба­рысында тәртіп сақшылары жоғалған адамның Макинск қаласында әпкесімен бірге тұрғанын анықтады. Ол үйінен бірнеше рет кетіп қалып, кейін біраз уақыттан кейін қайтып оралған. Жоғалған адамның 2 топтағы мүгедек екені анықталды. Соңғы рет облыстық психоневрологиялық диспансерде 2018 жылғы 10 ақпаннан 17 наурызға дейін «Емдеуді қажет ететін ақыл-ой кемістігі» диагнозы бойынша емделген», &ndash дейді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
 
Емделіп шыққаннан кейін ол бірден Нұр-Сұлтан қаласындағы «Адал &ndashНиет» жеке қайырымдылық қорына рәсімделіп, онда өткен жылдың 30 желтоқсанына дейін болған. Кейін шығып, әпкесінің үйіне барған.
 
Полиция із-түзсіз жоғалған Нұрлан Есмағамбетов жайлы қандай да бір ақпарат белгілі болса, құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.