НЕ ПАЙДАСЫ БАР ЕКЕН ҚЫЗАНАҚТЫҢ?
Қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.
Қызанақ қандай ауруларды емдеуге қауқарлы?
Псориаз, экзема сияқты түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың, кем дегенде, бір жемісін жеу ұсынылады. Содан кейін теріде оң өзгеріс болады. Айтпақшы, қызанақ түрлі маскалар жасауға да тиімді.
Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай ішуге болады. Оны күніне үш рет, жарты стақаннан тамақтан кейін қолдану қажет. Емдеу курсы екі аптаға созылады.
Қызанақ катарактаның алдын алады
Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жастың ұлғаюымен пайда болатын катарактадан қорғалады. Өйткені қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Ал арнайы зерттеу жүргізген мамандар бұл дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруының осы түрінен зардап шекпейтіндеріне көз жеткізген.
Қызанақтың құрамында бето-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады.
Күнделікті тағам ретінде қолданып жүрген қызанақтың пайдасы мол екенін енді біліп жүресіз.