Сенi iздеймiн

Норвегиялық Мария Қимашева Ақмоладағы туысқандарын іздестіріп жатыр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Норвегиялық Мария Қимашева Ақмола облысындағы туысқандарын іздестіріп жатыр. Қазақстанның Норвегиядағы елшісінің орынбасары Талғат Жұмағұлов Facebook-тегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Жуырда Елшілікке Мария Михайлова (Қимашева) деген норвегиялық азаматша хабарласып, өзінің Қазақстандағы туыстарын іздестіру жөнінде ақыл-кеңес сұрады. Біраз әңгімелестік. Марияның рұқсатымен осы әңгіменің мән-жайын осында баяндап отырмын. Туған атасы Аманжол Қимашев - ҰОС ардагері. Соғыс аяқталған соң, Псковта Лидия Федоровна деген орыс келіншегіне үйленіп, сол жерде біраз жылдар өмір сүріпті. Кейін әйелімен ажырасқан болар, өзі Алматыға жөнеп кетеді де, әйелі екі ұлымен Псковта тұрмыстарын жалғастырды. Екі ұлдың бірі Андрей - Марияның папасы. Әкесімен аз-маз байланыс ұстап отырған екен. Аманжол атамыз Алматыдағы аяқ киім фабрикасында жұмыс істегені мәлім», - деп жазды Талғат Жұмағұлов.

 

Оның айтуынша, Марияның туыстарын іздеудегі қиындығы – Аманжол соғыс алдындағы көптеген қазақ бозбалаларындай жалғыз өскені. Бар білгені 1921 жылы (басқа деректер бойынша 1919 ж.) Ақмола облысы Еркіншілік ауданы Благодатное (қазіргі Олжабай батыр) ауылында дүниеге келгені.

 

«Марияның жуырда Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан сұратып алған Аманжолдың жеке ісінен мынадай қосымша мәлімет берілген екен: балалар үйіне 1927 жылы түсті, әкесінің аты Тасболатов Қимаш, анасының аты Тасболатова Орынбасар (Ормбасар, 1927 жылы Благодатноеда қайтыс болды). Тағы бір маңызды көмек дерек: балалар үйіне туған апайымен бірге түскен екен. Аты-жөні қалмапты», - деді Талғат Жұмағұлов.

 

Елші орынбасарының айтуынша, Марияның өзі 2000-шы жылдары Ослоға оқуға, кейін ақпараттық технологиялар саласында жұмысқа тұрып, осында тұрақтайды. Михайлов – тұрмысқа шыққаннан кейін алған фамилиясы. Ол атасының тегі кім екенің, апайының ұрпақтарын, бар болса басқа да туысқандарын тапқысы келеді.

 

«Өз атамның туысқандарын, арғы аталардың жатқан жерлерін, әке-шешесінің тағдыры турасындағы мәліметтерді соңғы 25 жыл бойы іздеп, бөлік-бөлігімен енді ғана тауып жатқанымды айтып бердім. Яғни мұндай ізденіс оңайға түсер емес. Бірақ қазақ халқы туысшыл, бауырмал, шежірені білетін, қадірлейтін ел. Жұртшылық тарапынан қандайда бір құнды мәлімет шығып жатар. Негізі ауылмен де байланысқан дұрыс болар, дедім. Марияға хабарлайтын пайдалы мәлімет немесе қандай да бір ақыл-кеңестеріңіз болса алғысы шексіз болар еді. Ел болып қолдау көрсетейік!», - дейді Талғат Жұмағұлов.

 

 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 21:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30