Сенi iздеймiн

Оқушы кезінде айырылып кеткен екі ғашық 70 жылдан кейін кездесіп, үйленді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Канаданың Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясындағы Уондсворт қаласында тұратын екі ғашық  70 жылдан кейін кездесіп, үш күнде үйленуге шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

 

Фред Пол және Флоренс Харви 1950 жылдары жасөспірім кезінде мектеп оқып жүргенде кездескен. Олар бірге уақытты бақытты өткізген.

 

Пол 18 жаста, ал Харви 15 жаста болғанда, екі ғашықтың жолдары екіге айырылған. Пол басқа қалаға жұмыс істеуге кетеді. Бір жылдан кейін ол қайта оралғанда Харвидің басқа қалаға көшкенін біледі. Ақыр соңында, екеуі де өзге шаңырақтың түтінін түтетеді.

 

2017 жылы Харвидің күйеуі қатерлі ісіктен қайтыс болды. Ал 2019 жылы Полдың әйелі денсаулығына байланысты қайтыс болды. Жұбайларын жоғалтқан Пол мен Харвиді осы мұң табыстырды.

 

Харви Полдың әйелінің қайтыс болғаны туралы білгенде, ол оған көңіл айту үшін қоңырау шалған көрінеді. Содан бері қазір 84 жастағы Пол және 81 жастағы Харви күн сайын бірнеше сағат бойы сөйлесе бастады. Шілде айында Харви Полға тосын сый жасады және Торонтоға өзінің туған күніне келді. Олар коронавирустық пандемияға байланысты шектеулерге байланысты туыстары мен достарының тар шеңбері ғана шақырылған үйлену тойын өткізді. Енді ерлі-зайыптылар бір-бірімен кездесіп, бір-біріне ғашық болған қалаға бірге баруды жоспарлап отыр.

 

 

 




Көрілген: 7154    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 22:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31