Рудныйда 20 жыл бұрын жоғалған ер адам табылды

09 наурыз 2022, 17:26

Рудный тұрғыны жоғалып кеткен ұлын 20 жылдан кейін тапты. Жоғалған баланың өз жақындарына оралуына полицейлер көмектесті. Бұл отбасының тарихын брифинг барысында Қостанай облысы полиция департаменті миграциялық қызмет басқармасының аға инспекторы Чингиз Құрманғалиев бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Рудныйдың тәртіп сақшылары ресейлік әріптестерімен бірге 50 жастағы ер адамның тұрғылықты мекенжайын анықтады.

 

Осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен ол қазіргі уақытта Красноярскіде тұрады екен. 

 

Із-түзсіз жоғалып кеткен баланың анасы оның 1991 жылы Красноярск өлкесіне оқуға кеткенін айтады. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы баласынан еш хабар ала алмаған екен.

 

Соңғы рет қонаққа 2002 жылы келіпті. Ұлын таппай, амалы таусылған әйел көмек сұрап "Жди меня" бағдарламасына да барады.  

 

Ал қазір екі ел полицейлерінің жұмысының нәтижесінде туыстық қарым-қатынас қайта орнап отыр.

 

Өз кезегінде Рудный қаласының тұрғыны ұлын іздестіруде танытқан тәртіп сақшыларының кәсіби біліктілігі үшін алғысын білдірді.