Рухани жаңғыру: тіл мен діл мәселелері

Рухани жаңғыру: тіл мен діл мәселелері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл жарияланған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: "Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек".

Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетуімен ресми экспансиялық метамәдени геноцидтік саясат тоқтатылды. Алайда мәңгүрттену үдерісі осымен тоқтап қалған жоқ. "Өркениетті әлеммен" танысу және мәдени ақпарат алмасудың аудиовизуалды жолдары арқылы тұтынушылық мәдениет "үнсіз агрессиясын" іске асыруда.

Бұл бұқаралық ағым ұлттық мәдениеттің қайта жандануына жол бермей, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік сияқты жат құбылыстарды санаға сіңіре отырып, мәңгүрттіктің қанат жаюына ықпал етуде. Өз заңдылықтарын өмірге еңгізген нарықтың жолы болмағандарға қарсы жүргізген «мәдени репрессиясы» оларды қалыпты жолдардан тайдырып, қоғамда "бөлектену", "азаматтық нигилизм", "апатия" құбылыстарын тудырды, келеңсіз қылықтар мен қылмыс белең алды.

Құндылықтардың қақтығысымен әлеуметтік төменгі ахуал "пауперлену", "люмпендену", "әлеуметтік-шизофрения" та,ы сол сияқты тосын жағдайларды үйреншікті нәрсеге айналдырды. Ұлттық белгі дегенді тек экзотикаға, музейге айналдырып, тығып, әлемдік деңгейге шыққан - "американдану" деп, түсінетіндер, ұлттық нигилист, технократтар да бар.

Әлемдік философияның өзі (Батыс ойшылдарының жетекшілігінде) әлі өз шыңына жете қоймады, дүниежүзілік интеграция, жаћандану енді ғана жаңа басталды. Сондықтан Батыста өзінің рационализм, тіпті тұрпайы материализм, өзінің капиталистік даму үлгісін тек прогреске әкеледі деп оптимистік бағалау, Шығысқа менсінбей қарау, сол сияқты дін, мистика, парапсихология мәселелеріне "ертегі", "кертартпалық", "ортағасырлық" - деп қарау кең тараған. Паровоз, телеграф ойлап шығарғанына, табиғатты, нақты (дүнияуи) ғылымдарды меңгергеніне мәз болып, Азия мен Африкаға "цивилизатормыз" деп кеуде керу болды.

Ол кезде Батыс өзінің өркениетінің болашағы жоқ екенін, жер бетін экологиялық, рухани катастрофаға жетелейтін саяси, әлеуметтік жүйесінің осалды боп шыққанын әлі мойындамаған еді, О. Шпенглер, К. Ясперс, А. Тойнби әлі жоқ еді. Этикалық, нәсілдік фактордың санасуға тұрарлық екенін, адам және ұлт психикасы күрделі, ондай бейсаналық қабаттар бар екенін, дін мен мифология, мистика - әсіресе шығыс руханият дәстүрінде үлкен даналық бар екенін "цивилизатор" -– Батыс әлі ашқан жоқ еді.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың мәдени өзіндік тиесілік (самоидентификация) мәселесі өзінің күрделі де қарама-қарсылықты тұрпатымен ерекшеленеді.

Біздің ойымызша оның төмендегідей алғышарттары бар: - адамдардың саяси және экономикалық саладағы өзгерістерге сезімталдығы, әбден сіңіп кеткен тоталитарлық сананың үлкен инерттілігі; - нарықтық қатынасқа көшудің салдарына ескі және жаңа құңдылықтардың қақтығысы барысында ішкі бағдардың жоғалуы, дүниетанымдық вакуумның пайда болуы; - республикадағы мәдени әртектіліктің жоғары деңгейі, тұрғылықты халықтардың полиэтникалық және поликонфессионалдық құрамы, әсіресе орыстар мен қазақтардан және мұсылмандар мен православтардан тұратын биэтникалық және биконфессионалдық құрылымның басымдылығы. Космополиттік көзқарастағылар келешекте ұлт болмайды. Бүкіл ұлттар бірігіп, бір ұлтқа айналады деген ойтұғырды басшылыққа алады.

Дегенмен, бұл идеяның өмірге ешқандай қатысы жоқ қой. Қазір дүние этникалық негізде қайта құрылып жатыр. Келешек космополиттердің сызған сценарийі бойынша емес, мүлде басқаша бағытта дамыса ше? Жер үшін, шикізат үшін, байлық үшін талас-тартыс өршімесе, өшетін түрі жоқ.

Демек, ұлттық қарама-қайшылықтар одан әрі өрши түсетін сияқты. Көз алдымызда күшті ұлт әлсіз ұлтты аяусыз қырып-жойып жатыр емес пе? Осындай мәдени процестердің алдын алу үшін, бұқаралық мәдениеттің теріс әсерлерін кеміту мақсатында Қазақстан Республикасында көптеген шараларды жүзеге асырған жөн.

Олардың кейбір бағыттарына назар аударайық. Классикалық маңызы төмен, ұлттық болмыс пен психикаға кері әсерін тигізетін өнер мен музыкадағы өнімдер ағымына бақылау қою, оны жүзеге асыру аппараттарын жұмылдыру. Атап айтқанда: - қала мен республикалық маңызы бар және облыстардағы атқарушы орган мен мәдениет институттарының бақылауын күшейту; - сараптама және ақпараттар жинақтау бөлімін жетілдіру; - ұлттық психология мен сана-сезімге кері факторларды болдырмаудың әкімшілік бөлімдерін жұмылдыру т.б.

Халықтың рухани және физиологиялық тұрғысынан дамуының бірден-бір мүмкіндігі өмір болмысын халық тағдырын бейнелейтін мәдени ошақтардың басты саласының бірі, театр мен кино өзінің бүгінгі қоғам өміріндегі орнынан қазіргі заман талабына сай ұлттық психология, тәрбие беру, эстетикалық құндылық сапасын төмендетіп алды. Оған басты себеп: - шетелдік немесе батыстық кино мәдениеті: ашық порноөнімдер, афро-американдық поп музыкалар, эротикфильмдер, сана-сезім, мінез құлыққа кері әсер ететін қатігез киноөнімдер мен сериалдар; - Қазақстандық театр және кино мекемелерінің халық назарын өзіне тартып аларлық туындыларының әлсіздігі; - әртүрлі жат мәдениет үрдістерін насихаттайтын бейне таспалардың шектеусіз сауда рыногында таралуы; - кино мәдени ошақтары – кинотеатрларды шетелдік фильмдерді жарнамалауы мен жаппай көрсетулері.

Бүгінгі таңдағы кітап дүкендері мен кітап сауда орталықтарындағы сатылымдағы кітап қорының 90 пайызы шетелдік кітаптарды құрайды. Музей кешендерінде экспозициялар мен ұлттық тарихи мұраларды сақтау мен дамыту әлі күнге дейін кеңестік идеология шеңберінде құрылған өлкетанушылық бағыттан әрі аса қойған жоқ.

Осы факторларға сәйкес кітапхана мен музей ісіндегі қордаланып қалған мәселелерге мыналар жатады: - ұлттық әдеби-мәдени көркем туындылар дағдарысы; - қазақ тіліндегі қоғамдық ғылымдар әдебиетінің жеткіліксіздігі; - кітапхана қызметіндегі ақпараттық және интернеттік каталогтар жүйесінің дамымауы; - ғылыми сапасы төмен кітаптар қорының көбеюі; - кітапханалардағы ұлттық кітап қор жинақтарының тапшылығы және қаржылай қолдаудың жеткіліксіздігі т.б.; - музей мекемелерінде біліктік ғылыми мамандардың аздығы; - осыдан келіп, музей ісі мен музейтану ғылыми-әдістемелік орталықтарының жоқтығы; - музейлік жәдігерлерді, өнер туындыларын жинақтайтын қаржының жоқтығы және тағы басқалары. Мәдениет негізі мен этностық жады арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Бүгінгі таңда, БАҚ арқылы жарияланатын материалдар мен ақпараттар шеттен тыс сипатқа ие болып отыр. БАҚ халықты, әсіресе жастарды мәдени-рухани басқа арнаға түсіруге себепші болып отыр. Қазақстандағы БАҚ жүйесіндегі телеарнаның үлесі - 90-95 пайыз. Ал мәдени-рухани институттары дамығын елдерде БАҚ-тың соның ішінде телерадионың үлес салмағы - 40-45 пайызды құрайды.

Мәселен, Францияда француз тіліне аударылғанына қарамастан шетелдік материалдардың 15-20 пайыздан аспауы заң жүзінде белгіленген. Қандай да бір ұлт мәдениетінің түп-тамыры тіл екенін ескерсек жоғарыда аталған және төменде аталмақ проблемалардың барлығында да тіл мәселесі кезек күттірмес өзектілігімен айқындалады.

БАҚ саласындағы және жарнама мен теле және көлік коммуникация саласындағы негізгі мәселер: - баспа телерадио ақпарттары бойынша ашық түрде эротикалық суреттер "бәсекелерің, қатыгездік және қыру-жою сияқты психикаға кері әсер беретін фильмдер, поп музыкаларының таралуы"; - қазақ тіліндегі басылымдардан орыс және басқа тілдердегі басылымдардың 20-30 есе көптігі.

Егер қазақ халқының ұлттық болмысының, тілінің басқа жерде қалыптаспайтындығын ескерсек, бұл процесті де тілдегі экспансия деп бағалауға болады. - Қазақстанда БАҚ және интернеттік жүйе мәдени-руханият саласында анархиялық, жауапсыздықтың, талғамсыздықтың ордасына айналды; - Қазақстан республикасындағы БАҚ мемлекетпен, ұлтпен мүдделес емес; - жарнамалардағы қазақша мәтіндердің дұрыс жазылуы ескерілмеген, қала безендіру мәселесінде ұлттық нақыш пен қазақ тілінің халі мүшкіл; - теле және коммуникация жүйесінде қазақ тілін қолданудың заңдық нормасы сақталынбаған (телефон байланысы, әуе, теміржол, авто бекеттерінде) т.б., ұлттық парк, демалыс орындары, қонақ үйлер қызметтері қазақы болмыс-бітімнен ада дерлік; - мемлекеттік органдардың іс қағаз және құжаттарды ресімдеулері қазақ тілінде толықтай жүзеге асырылмаған.

Батыстық рухани экспанцияға төтеп берудегі маңызды мәселеге "орыстілді қазақтарға" ұлттық рухты сіңіру жатады. Бұл топ қазақтың қалада өскен, өзінің ұлттық бастауларынан тыс қалған, қазақ тілін білмейтін не нашар білетіндер тобы. Олар қазақтың тілін ғана түсінбейді емес, сондай-ақ қазақтың табиғатын да, ұлттық таным-түсінігін де білмейді.

Жалпы алғанда метамәдениетінің қалыптасу үрдістерінде жағымды процестер де қатар жүреді. Олардың кейбіріне назар аударайық. Біріншіден, метамәдениет жаһандық мәселелерді (экологиялық, демографиялық, девианттық, қақтығыстық,т.т) шешуде тиімді рөл атқара алады. Екіншіден, дүниежүзілік нарықтық қалыптасуы, технологиялық ауысулар, интернет жүйесі, ақпарат ағыны т.б. дамушы елдердің экономикалық үрдісін арттырады. Үшіншіден, метамәдениет шектелген мәдени тәжірибені бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, метамәдениет тек күш көрсетпеу, сұхбат, төзімділік, ашықтық жағдайында қалыптаса алады және ғасырлар бойы созылып келген, Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасында текетіресті кемітуге мүмкіндік береді.

Мәдениеттің қазақстандық дағдарысынан өту, жергілікті халық - қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдени дамуының формацияларына негізделген, жаңа замандық талаптарға сәйкес мәдениет институттарының құрылымдарымен ошақтарын дамыту мен жетілдіру функцияларын анықтайтын, жан-жақты зерделенген тұғырнаманы жасау. Ол уақыттық-кеңістік ауқымында мөлшерленер болса - стратегиялық мақсат-мүдделер мен ағымдық ұстанымдар қатарлы бағдарлардан құралмақ: Стратегиялық міндет: тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті басқа ұлт өкілдерінің ұйытқысы ретінде қолдану арқылы ынтымақтастықты дамыта отырып, жалпы мемлекеттік сүйіспеншілікке жетелеу.

Жуық арада ескеретін, ағымдық міндеттер: қоғамның тыныс тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер негізінде реттеп, бақылап отыру. Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру және отарсыздандыру (деколонизациялық) саясатын жүргізу маңызды болып табылады.

tengrinews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста