Сенi iздеймiн

Шылымды қоя алмай жүрсеңіз…

  • Шылымды қоя алмай жүрсеңіз…

    Шылымды қоя алмай жүрсеңіз…

Темекі шегетін жандар өмірлерінде бір рет болса да оны тастау туралы ойлаған болар. Бірақ «Не үшін тастаймын?» деген сұраққа толыққанды жауап таппауы да мүмкін. Егер ойланып, нақты шешім қабылдасаңыз, бұл әдеттен айыға аласыз. Біз бүгін шылыммен қоштасудың он себебі және ағзаны қалыпқа келтіру жолдары жайлы айтамыз.


Темекі шекпесеңіз мына артықшылықтарға қол жеткізесіз:


1.Салауатты өмір сүру;


2.Ұзақ жасау;


3.Тәуелділіктен құтылу;


4.Айналаңыздағылардың денсаулығын ойлау;


5.Артық ақша жоймау;


6.Өзіңді жақсы сезіну;


7.Сырт көзге сергек, сау көріну;


8.Өмір сүру сапасын жақсарту;


9.Ұрпағыңыздың саулығын ойлау;


10.Жыныстық денсаулықты жақсарту;


Шылымды тоқтатқаннан кейінгі ағзаның қалыпқа келу сатысы:


20 минуттан соң – Қан қысымы қалыпқа келеді.


8 сағаттан соң — Қан құрамы улы заттардан тазара бастайды, нәтижесінде ауыздағы жағымсыз иіс жойылады.


24 сағаттан соң – жүрек талмасының қаупі төмендейді.


48 сағаттан соң – Иіс, дәм сезу сезімдері белсенді қызмет ете бастайды.


3 күннен соң – Тыныс алу жақсарады.


3 айдан соң – Қанайналым дұрысталады. Өкпе жұмысы, ұйқы қалыпқа келеді.


9 айдан соң – Инфекцияларға қарсы иммунитет күшейеді. Тыныс алудағы қосымша дыбыстар, жөтел жоғалады.


1 жылдан соң – Жүрек-талма ауруына шалдығу қаупі 50 пайызға азаяды.


5 жылдан соң – Қатерлі ісік қаупі жойылады.


10 жылдан соң – Өкпе қатерлі ісігіне қарсы иммунитет күшейеді.


Сондай-ақ:


*Физикалық белсенділік жоғарылайды;


*Тағамның дәмін, иісін сезу қабілеті жақсарады;


*Өңіңіз жақсарып, ажарлана түсесіз;


*Ұйқыңыз бұрынғыдан да жақсарады.


*Бұрын темекі шегуге жұмсаған уақытыңыз үнемделеді;


Шылымды тастау алгоритмі


1-қадам: Қағазға темекіні қоюыңызға әсер ететін себептерді жазып, оған жиі қарап жүріңіз;


2-қадам: Никотин алмастырғыш нәрселер жайлы ойлаңыз: пластырь, сағыз, таблеткалар;


3-қадам: Өзіңіз секілді шылыммен қоштасқысы келіп жүрген адаммен жиі сөйлесіңіз;


4-қадам: Темекімен қоштасатын күнді белгілеп алыңыз. Ол күнге жеткенше от тұтатқышыңызды қоқысқа салыңыз, ал дәл белгіленген күні шылымды да лақтырыңыз.


5-қадам: Үйіңізде ешкім шылым шекпеуі керек;


6-қадам: Алкоголь, кофеин қосылған өнімдерді тұтынбаңыз. Ашуланбауға тырысыңыз.


7-қадам: Суды көбірек ішіп, физикалық жаттығулар жасаңыз. Аптасына 4 рет 30 минуттан жаяу жүріңіз;


8-қадам: «Біреуін ғана шегемін, сосын болды» деген ойды мүлдем ойламаңыз.


Шылымсыз күн тәртібіне ағзаны үйрету:


-Күнделікті цитрустық жемістер жеңіз. С дәруменін қабылдаңыз.


-Ашқарынға сүтқышқылды тағамдар ішіңіз.


-Квас, сиырдың бүйрегін, бауырын тұтыныңыз. Олардың құрамында никотин қышқылы болады.


-Шегіргүл және киікоты қайнатпасын ішіңіз.


-Монша да ағзаға өте пайдалы.


ikerim.kz




Көрілген: 8494    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.04.2017, 22:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 16:25
    Ағамыз табылса екен
    4 Мамыр 2017
    Қаназдық
    18 Наурыз 2017
    Балалардағы бронхит
    19 Ақпан 2017
    ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31