Сенi iздеймiн

Туған әкесін 29 жылдан кейін тапқан қыздың жазбасы елді жылатты

  • Фото: Instagram

    Фото: Instagram

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының бұрынғы қатысушысы 29 жылдан кейін туған әкесімен қауышты. Қуанышты жаңалығымен Динар Хайруллина өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Бойжеткеннің сөзінше, оның туған әкесін іздеу туралы өтінішін анасы қолдаған екен. Ару дүниеге келген сәтте, ата-анасының жолы екі айырылған көрінеді.


Динара өзінің көп жылдық арманының орындалғанын жеткізді.


"Осы постты неден бастасам екен? Егер қысқаша айтатын болсам, мен өз әкеммен неше жылдан соң сағына қауыштым. Өмірде ғажайыптар расымен де орын алады екен. Бұл күнді мен ешқашан да ұмытпаспын", - деп жазба қалдырған ару.



Сондай-ақ, ол жазбасында 29 жыл бойы көрмеген әкесімен алғаш тілдесуі қалай болғанын баяндап берген.


Айтуынша, әкесі мен өзі де осы жаңалыққа қатты қуанған екен. Сонымен бірге, "Қалаулым" қатысушысының бауыры да бар екені анықталған.


Желі қолданушылары бойжеткен өміріндегі мұндай жаңалықты қуана қабылдаған.


Олар "Жарайсың", "Әкеңмен қауыштың. бақытың еселене берсін" "Бақытты болуға әбден лайықсың" деген пікірлерін жаудырып жатыр. 




Көрілген: 4952    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 10:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Мамыр 2017
    Қаназдық
    18 Наурыз 2017
    Балалардағы бронхит
    19 Ақпан 2017
    ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31