Сенi iздеймiн

Түркістанда жоғалған 16 жастағы қыз Алматыдан табылды

  • Фото: novostipmr.com

    Фото: novostipmr.com

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жастағы қызды Алматы қаласынан тауып, отбасына қайтарды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген.

 

Оның айтуынша күндізгі сағат 16:30 шамасында өзінің 16 жастағы қызы дүкенге барып келемін деп үйінен шығып, содан оралмаған.

 

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Халық көп шоғырланған аймақтарға қыздың суреттері ілініп, ТО ПД аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына бағытнамалар жіберілді.

 

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласынан табылды.

 

Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды. Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз жұмыс жасап, ақша таппақ болған. Осылай ата-анасына көмек беруді ойлаған.

 

Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.

 

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді.

 

Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

 

 

 




Көрілген: 4118    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 12:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31