Сенi iздеймiн

«Ұлымның тірі екенін сеземін»: Елордалық отбасы 9 жыл бұрын жоғалған баласын іздейді

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Осыдан 9 жыл бұрын Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Сарыоба ауылынан астанаға барам хабар-ошарсыз кеткен Әскер Әбжановты туғандары әлі іздеп жүр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады деп жазады azattyq-ruhy.kz тілшісі.

 

2011 жылы тамызда үйінен шыққан бала Конституция күніне орай өткізілетін парадты көзбен көремін деп кеткен екен. Елордаға жеткеннен кейін ата-анасына телефон арқылы хабарласып, достарының үйіне түскенін айтқан. Бірақ, мұнан кейін баланы көрген ешкім жоқ. Телефонын ол сол күні-ақ сөндіріп тастапты. Ата-анасы болса ұлдарының тірі екеніне сенімді және оны қалайда болса табамыз деп үміттерін үзбей келеді.

 

«Мен ұлымның ұзақ уақытқа кететінін сездім. Соңғы рет хабарласқанында қайдасың деп сұраған едім, жауап бермей, телефонды сөндіре салды. Ертесіне телефоны мүлдім өшірілді. Міне, содан бері хабар жоқ», - дейді баланың әкесі Қайыржан Әбжанов.

 

Әскердің достарының кім екенін ата-ана білмейді. Полицияға хабарласып, шағымын айтқан. Алайда, тәртіп сақшылары жүргізген іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеген. Ал, балгерлер болса Әскердің тірі екенін айтып, ата-анасына үміт сыйлаған. Қазір олар елорданы аралап, ұлдарын өздері іздеп жүр.

 




Көрілген: 2117    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 09:07
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір, 11:30
    Анамды іздеймін!
    18 Наурыз, 09:42
    Қайынағамды іздеймін
    6 Ақпан, 11:03
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!
    13 Қараша 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша 2019
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан 2019
    Әкемді іздеймін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31