Хоккей

"Авангард" хоккейшісі Астанада әл үстінде ауруханаға жеткізілді (видео)

  • youtube.com

    youtube.com

  • "Авангард" хоккейшісі Астанада әл үстінде ауруханаға жеткізілді (видео)

Плей-офф сатысындағы "Барыс" пен "Авангард" арасындағы алтыншы ойында жазатайым оқиға болды. Омбы клубының капитаны, Ресей құрамасының ойыншысы Сергей Калинин мұзайдынға шалқасынан түсіп, есінен танып қалды, деп жазады "Алаш айнасы".
Матчтың 48-минутында "Барыстың" қорғаушысы Роман Савченко "Авангард" клубының капитаны Сергей Калининді мұзайдын жақтауына қысып қалып, күш-айла қолданды. Сол кезде бір аптадан кейін 24-ке толатын жас шабуылшы құлады. Өкінішке қарай, құлап бара жатқанында басы сол жағынан келіп қалған Алексей Литвиненконың шынтағына тиіп, дулығасы шешіліп қалды. Соның кесірінен жалтыраған мұз айдын үстіне басымен түсті. Есінен танып қалып, тіпті аяқ-қолдары дірілдеп (тартылып), тұра алмады.
Жедел жәрдем Сергей Калининді санаулы минуттарда ауруханаға апарып, жан сақтау бөліміне жеткізген. Хоккейші жедел жәрдем көлігі ішінде есін жиыпты.
Содан бері екі команданың да дәрігерлері мен басшылары Астана дәрігерлерімен тығыз байланыста. Қазір хоккейші «Травматология және ортопедия» ҰЗИ-да жатыр. Бүгін жан сақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылуы керек.

Енді, ол кем дегенде 10 күн Астанада дәрігерлердің жіті бақылауында болады. Қойылған диагноз – жабық бас сүйек-ми зақымы, миы шайқалған, басының шашы өскен бөлігі зақымданып жарақаттанған, дірілдеген синдром.
Дірілдеп-қалшылдаған синдром қайталанбас үшін дәрігерлер жіті бақылауға алған.
Барлық хоккей жанкүйерлері талантты жас шабуылшының тез сауығып кетіне тілектес. Екі күндей болды, әлеуметтік желілер арқылы оның тез айығып кетуіне игі тілектерін жолдап жатқан жанкүйерлер өте көп. Біз де соларға қосылып, Сергей Калининнің тез айығып, қатарға қосылуына, мамыр айының бірінші жартысында Чехияда өтетін әлем чемпионатына баруына тілектеспіз.

Автор: Әлихан Жаппар




Көрілген: 1656    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2015, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29