Хоккей

Австрия және Словения хоккейшілері Қазақстан мен Венгрияға орындарын "босатты"

  • Фото icehockey.kz сайтынан

    Фото icehockey.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, жоғары дивизионындағы орындарынан айырылып қалған екі құрама белгілі болды, деп жазады "Алаш айнасы".

Биыл әлем чемпионатының жоғарғы дивизиондағы додасы Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатыр. Әуелі әлемнің 16 үздік құрамасы екі топқа бөлініп, мұзайдын додасына түскен.

Топтық ойындардың қорытындысы бойынша "А" тобында Австрия құрамасы соңғы орынға орналасты. Негізі, Австрия құрамасы Франция және Латвия хоккейшілерімен бірдей, яғни бес ұпай жинаған. Бірақ өзара кездесуде осы екі елдің хоккейшілерінен де ұтылып қалды. Әрі шайба айырмасы жағынан да кері көрсеткіші Франция және Латвия құрамаларынан біршама төмен болды.

Ал "В" тобында Словения құрамасы үш ұпаймен соңғы орынға табан тіреді. Енді осы екі құрама келесі жылы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "А" тобында бақ сынайтын болады. Бір қызығы, былтыр дәл осы екі құрама жоғарғы дивизиондағы Қазақстан мен Италияның орындарын басқан болатын. Биыл келген "іздерімен" кері қайтып отыр.

Енді, келесі жылы олардың жоғарғы дивизиондағы орындарын Қазақстан және Венгрия хоккейшілері басады. Естеріңізге сала кетейік, келесі жылғы әлем чемпионаты Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтеді.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1651    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2015, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31