Хоккей

"Барыс" – "Авангард": не бел кетеді, не белбеу кетеді

  • Фото hcbarys.kz сайтынан

    Фото hcbarys.kz сайтынан

  • Фото hcbarys.kz сайтынан

    Фото hcbarys.kz сайтынан

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысындағы "Барыс" пен "Авангард" арасындағы мұзайдын додасы әбден қызды. Ертең – соңғы ойын. Жалпы есепте – таразы басы тепе-тең, деп жазады "Алаш айнасы".

ҚХЛ-дың Шығыс және Батыс конференцияларындағы басқа жеті жұптағы ойындар әлдеқашан аяқталған. Тек "Барыс" пен "Авангард" бірін-бірі ала алмай, әлі "айқасып" жатыр. Айқасып емес-ау, шайқасы жатыр, десек те болар.

Әр ойын сайын, кем дегенде бір ойыншы жарақат алып, қатардан шығып қалып жатыр. "Барыстың" сапынан Боченски, Уппер және Жайлауов сынды тәжіибелі хоккейшілер жарақат алып қалды.

Максим Семёнов кішігірім жарақат алып қалып, мұзайдынға қайта оралды. "Авангард" сапында да жарақаттанып қалған хоккейшілер баршылық.

Әсіресе соңғы екі ойын өте тартысты өтті. Хоккейшілер аянып жатқан жоқ. Мұзайдында шектен тыс шиеленісті шайқас, тіпті "қан майдан" жүріп жатқандай....

Мысалы, бесінші матчта Талғат Жайлауов жарақат алып қалды. Максим Гончаров күш-айла қолданып, мұзайдын жақтауына қысып қалғанда, бейқам тұрған Талғат жарақаттанып қалды. Жылтыраған мұз үстінен қып-қызыл қан тамшыларын сүртіп алуға тура келді...

Ал алтыншы ойында "Авангардтың" капитаны Сергей Калинин ауыр жарақат алып, есінен танып қалды. Сол жерде ауруханаға жөнелтіліп, жан сақтау бөліміне жеткізілді. Енді, кем дегенде 10 күн Астанада дәрігерлердің жіті бақылауында болады екен...

Роман Савченко оны мұзайдын жақтауына қысып қалғанда, ол сол жағынандағы Алексей Литвиненкоға соғылып, шалқасынан түсті. Басындағы дулығасы шешіліп кетіп, басымен (тіпті қарақұсымен сияқты) мұз үстіне құлап, есінен танып қалды. Тағы да мұзайдынға аққан қанды қырып алуға аздаған уақыт кетті...

Жалпы, бесінші матчта "Авангардтың" қақпашысы, ал алтыншы матчта "Барыстың" қақпашысы Ян Лацо қас шеберлік танытып, өз командаларының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты.

Алтыншы матчта "Барыс" екі гол соғып алды да, қонақтарының шабуылын тойтарумен болды. Матч соңында алға ентелеген омбылықтардың қателіктерін пайдаланып, есепті ұлғайтты.

Иә, бұл екі команда арасындағы бәсеке шектен тыс қызып, шегіне де жетті. Ертең Омбыда – соңғы ойын. Қайсысы жеңеді, сол ширек финалға шығады. Не бел кетеді, не белбеу кетеді...

Бесінші ойын: «Авангард» – «Барыс» – 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
Алтыншы ойын: «Барыс» – «Авангард» – 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)

Голдар:
1:0 – Савченко (Литвиненко, Руденко), 24:38.
2:0 – Старченко (Антропов), 26:49.
2:1 – К.Семёнов (Гончаров, Лямин), 44:59.
3:1 – Доус (Бойд), 55:30.
4:1 – Пушкарёв (Доус), 59:34 (қарауылсыз қақпаға)
Қақпашылар: Лацо – Костин.
Жалпы есеп: «Авангард» – «Барыс» – 3:3 (5:2, 0:2, 0:3, 4:3, 2:0, 1:4)

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1796    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2015, 11:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31