2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні


Хоккей

"Барыс" "Авангардтан" бес жеңілісінің есесін қайтара ала ма?..

  • Фото hawk.ru сайтынан

    Фото hawk.ru сайтынан

Ертең "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф додасындағы алғашқы ойынын өткізеді. Плей-оффтың алғашқы сатысындағы қарсыласы – Омбының "Авангарды" деп жазады "Алаш айнасы".

Биылғы маусым барысында "Барыс" пен "Авангард" бес рет кездесті. Өкінішке қарай, бесеуінде де "Барыс" жеңілістің кермек дәмін татып, есесі кетті. Астанада екі рет, Омбыда үш рет ұтылды.

Бірақ "Барыстың" бас бапкері Андрей Назаров "бұл – плей-офф, мүлде басқа деңгейдегі ойындар, біріншілік барысындағы бес жеңіліс психологиялық тұрғыда ешқандай да кері әсерін тигізбейді", – деп сыр білдірмеуге тырысып жүр.

Бір қызығы, "Барысқа" плей-оффтың алғашқы сатысында "Авангардқа" тап болмаудың жолын қарастыруға болушы еді. Алайда "Барыс" соңғы бес ойында қарсыластарын үй демей, түз демей ұтып, Шығыс конференциясында 5-орынға көтерілді. Сөйтіп "Авангардпен" додаға түсетін болды.

Негізі, "Барысқа" өз айдынында өткізген соңғы үш ойында да ұтылып, Шығыс конференциясында 7-орынға табан тіреп, өзімен деңгейлес "Сибирь" клубын "таңдап" алуға болушы еді. Бірақ "Барыс" олай істемеді. Көмбеге тақағанда кейбір командалар тізгіндерін тартып, қарсылас "таңдауға" кіріскенде... "Барыс" керісінше, қамшыны басты.

Енді азуы алты қарыс "Авагардпен" айқасады. Андрей Назаров болса, "үлкен спортта қарсылас таңдау, жарға жығады", – деп жүр. Енді оның "Авангардқа" қарсы қандай айла қолданып, қалай "тазы" болып шалатынын көреміз.

Мұзайдын додасында қандай тактикалық айла-тәсіл қолданса да, өзінің аракідік қарсы беттегі командаға "сес көрсетіп" қою "әдісін" (дағдысын) ұмытпайтын шығар. Бұл ретте, оның басты "қаруы" - әрине, Дамир Рысбаев. Ал "Авангард" сапында биылғы маусымдағы ойындарда Дамирдің "қара тізіміне" іліккен хоккейшілер бар сияқты еді.

Мысалы, қараша айында Омбыда өткен ойында Николай Ламтюгов деген шабуылшы біздің қорғаушымыз Евгений Блохинге жүгіріп, Константин Руденкомен төбелесіп, қол жұмсаған. Екеуі де – ардагер хоккейшілеріміз. Бірақ Лемтюгов жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Югра" клубына ауысып кетті... Десек те, Дамирге де жұмыс табылып қалар...

Енді бір көңіл аударарлығы, "Барыс" биыл Омбы клубының қақпасына гол соға алмай, пұшайман болып жүр. Бес ойында төрт-ақ гол соқты. Әсіресе, Омбы клубының қақпасын Қазақстан тумасы, қазір Ресейдің намысын қорғап жүрген Константин Барулин қорғағанда, гол соғу қиямет-қайымға айналып жүр. Енді соның есесін қайтаратын уақыт жетті, кез келді деп ойлаймыз...

ҚХЛ-дың 2014/2015 жылда маусымындағы "Барыс" пен "Авангард" арасындағы кездесулер:

Плей-офф додасының алғашқы сатысында әр жұп арасындағы дода төрт жеңіске дейін созылады. "Барыс" пен "Авангард" әуелі, яғни 28 ақпан және 1 наурыз күндері Омбыда екі кездесу өткізеді. Содан соң 3-4 наурыз күндері Астанада додаға түседі. Қажет болса, бұдан кейінгі кездесулер Омбы-Астана-Омбы бағытында өтеді. 

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1670    Пікірлер: 0

жұма, 27.02.2015, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31