Хоккей

"Барыс" "Авангардты" биылғы маусымда бірінші рет жеңді

  • Фото hawk.ru сайтынан

    Фото hawk.ru сайтынан

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф додасын Омбыда бастады. Плей-оффтың алғашқы сатысында Омбының "Авангардымен" екі кездесу өткізіп, кеше ұтылып қалып, бүгін жеңіске жетті, деп жазады "Алаш айнасы".

Басқасы басқа, бірақ биылғы маусымда "Барыстың" "Авангард" клубына азуы батпай, есесі оңбай кетіп жүр еді. Маусым аралығында, нақтырақ айтқанда, тамыз айында бесінші рет өткен Қазақстан Президенті кубогында екі рет ұтылған. Әуелі топтық кезеңде (1:2 есебімен), содан соң финалда (3:5 есебімен) ұтылып қалып, дәстүрлі кубок Омбыға кеткен.

Ал Құрлықтық хоккей лигасының биылғы тұрақты біріншілігінде бес рет кездесіп, бесеуінде де жеңілістің кермек дәмін татқан. Тіпті бір голдан артық соға алмай, пұшайман болған.

Плей-офф додасы аясындағы матч та Омбы клубының жеңісімен басталды. Кешегі кездесуде "Барыс" есеп ашқанымен, "Авангард" үш гол срғып алға шыққан. Ал соңғы минутта "Барыстың" бас бапкері Андрей Назаров екі шайба айырмасына қарамай, қақпашымызды алтыншы ойыншыға алмастырып, тәуекелге бел буды.

Бірақ айдын иелері қарауылсыз қалған қақпамызға гол соғып кетті. Сол голдың қуанышынан арыла алмай жүргенде, біздің хоккейшілер есепті қайта қысқартты. Сол-ақ екен, Назаров қақпашымызды тағы да алтыншы ойыншыға алмастыра қойды. Алайда айдын иелері тағы да гол соғып кетті. Осылай, небәрі жарты минуттың ішінде үш гол соғылды...

Ал бүгін жоғарыда біз тізіп шыққан жеңілістер тізбегіне нүкте қоюдың сәті түсті. "Барыс" Омбы клубын 2:0 есебімен жеңіп, аптықтарын басты. Тіпті "Авангард" клубының бас бапкері, финн маманы Раймо Сумманен тасқамал қақпашысы Константин Барулинді алмастыруға мәжбүр болды.

Өйткені, бұған дейінгі ойындарда өз қақпасына гол жібермей, "Барыс" хоккейшілерін діңкелеткен Барулин кеше де, бүгін де өрескел қателіктер жіберіп алды.

Сөйтіп көктемнің алғашқы күні "Барыс" тамылжыған тамыздан бері азуы батпай жүрген "Авангард" клубын тізе бүктірді. Көктем келді...

«Авангард» – «Барыс» – 1:1 (5:2, 0:2)

Бірінші ойын: «Авангард» – «Барыс» – 5:2 (1:1, 1:0, 3:1)
Голдар:
0:1 – Пушкарёв (Уппер, Жайлауов), 05:17.
1:1 – Куляш (Широков, Попов), 15:10 (артық құрамда – 5х3).
2:1 – Шютц (Соботка), 22:38 (кем құрамда – 4х5).
3:1 – Соботка (Паршин), 46:52.
4:1 – Хомицкий, 59:16 (қарауылсыз қақпаға).
4:2 – Пушкарёв (Лакиза), 59:33.
5:2 – Пережогин (Коларик), 59:49 (қарауылсыз қақпаға).
Қақпашылар: Барулин – Лацо

Екінші ойын: «Авангард» – «Барыс» – 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)
Голдар:
0:1 – Уппер (Савченко, Руденко), 05:39 (артық құрамда – 5х4).
0:2 – Полищук (Жайлауов), 14:14.
Қақпашылар: Барулин (Костин, 14:14) – Лацо

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1585    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.03.2015, 23:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31