Хоккей

"Барыс" "Авангардты" екінші рет гол соққызбай діңкелетті

  • Фото hawk.ru сайтынан

    Фото hawk.ru сайтынан

Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф додасын Омбының "Авангардымен" бастаған "Барыс" жалпы есепте алға шықты. Әрі екінші рет қатарынан Ресей клубын гол соққызбай жеңіп, әбден діңкелетті, деп жазады "Алаш айнасы".

"Барыс" Омбыдағы екінші ойында 2:0 есебімен жеңіске жетсе, Астанадағы бірінші ойында 3:0 есебімен басым түсті. Екеуінде де, әсіресе елорда төріндегі матчта "Барыс" хоккейшілері жанкештіліктің үлгісін танытып, хоккей мамандары мен жанкүйерлерін тәнті етті.

Бұл ретте сіздердің назарларыңызды мына деректерге аударғымыз келеді. "Авангард" бұл ойында Қазақстан клубының қақпасына 41 соққы бағыттады. Бірақ бірде-бір гол соға алмады. Ал "Барыс" Омбы клубының қақпасын 24 рет қана нысанаға алды. Әйтсе де, үш гол соқты. Саннан сапа басым түсті.

"Барыстың" ойыншылары Ресей клубы хоккейшілерінің 23 соқысын тойтарды. Шайбаның жолына кесе-көлденең жата қалды, кеуделерін тосты, аяқтары мен таяқтарын қойды, әйтеуір жан ұшыра ұмтылды. Ешқайсысы да аянған жоқ.

Әрине, қақпашымыз Ян Лацо да қас шеберлік пен көз ілсепес шапшаңдықтың үлгісін көрсетті. Небір қауіпті соққыларды қайтарды.

Жалпы, екі команда арасындағы ойындар шектен тыс тартысты өтіп жатыр. Арпалыс көп, айқас көп. Аяну жоқ, тұрыс жоқ. Қақтығыс пен соқтығысқа толы. Әзірше "Барыстың" ойыншылары қайсарлық көрсетіп, командалық ойын үлгісін паш етуді. Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін аянбай шайқасып, мұзайдын додасының көрігін қыздырды. Тек осы беттерінен таймасын дейміз.

Айтпақшы... Ресейлік төрешілер "Авангардтың" екінші рет ол соға алмай, "нөль" болып ұтылуын қаламағандай. Олар үшінші кезеңде Қазақстан клубының төрт ойыншысын айдыннан қуды. Кейбір сәттерде не үшін айдынан қуғандарын түсіне алмай да қалдық.

Үшінші кезең басталған бетте Найджел Доусты төрт минутқа айдынан қуды. Одан кейін Старченконы екі минутқа аластатты. Ал матчың соңында, "Барыстың" екі ойыншысын бірге айдыннан аластатып, үш-ақ хоккейшісін қалдырды. Бірақ олар қандай жаза ойлап тапса да, "Авангард" гол соға алмай, пұшайман болды.

Үшінші ойын: "Барыс" – "Авангард" – 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

Голдар:
1:0 – Руденко (Ландин, Даллмэн), 06:16 (артық құрамда – 5х4).
2:0 – Доус (Даллмэн), 28:51.
3:0 – Бойд (Доус, Пушкарёв), 55,49.
Қақпашылар: Лацо – Барулин.
Жалпы есеп: «Авангард» – «Барыс» – 1:2 (5:2, 0:2, 0:3)


Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1409    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 04.03.2015, 10:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31