Хоккей

"Барыс" биылғы маусымды тәмамдады

  • Фото hawk.ru сайтынан

    Фото hawk.ru сайтынан

"Барыс" хоккей клубы биылғы маусымды тамамдады. Омбыда "Авангард" клубынан ұтылып, плей-оффтың келесі сатысына шыға алмады, деп жазады "Алаш айнасы".

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф додасын "Авангард" клубымен бастап, мейілінше тайталасып бақты. Екеуара мұзайдын додасы жеті ойынға созылып, жеңімпаз тек соңғы матчта анықталды.

Омбыда өткен соңғы ойында "Барыс" есеп ашып, алға шыққанымен, сол басымдылығын кәдеге асыра алмады. Рас, айдын иелері есепті теңестіргенде, ойын ережесі бұзылғандай еді.

Біздің қорғаушымыз Алексей Литвиненко құлап қалып, жарақаттанып қалды. Ол беті қанап, мұзайдында жатқанда, "Авангард" артық құрамда гол соғып кетті. Ал төрешілер оған мән берген жоқ...

Негізі, "Барыс" ойыншыларының гол соғатын мүмкіндіктері болды. Төрт рет артық құрамда ойнаса да, гол соға алмай, пұшайман болды.

Ал бір шайба айырмасымен ұтылып жатқанда, "Барыстың" бас бапкері Андрей Назаров қақпашымызды алтыншы ойыншыға ертерек алмастырғандай болды.

Қарауылсыз қалған қақпамызға айдын иелері тағы бір гол соғып кетті. Осы голдан кейін "Барыс" ойыншыларының ұнжырғалары түсіп кетті...

Сөйтіп, "Барыс" үшін биылғы маусым аяқталды. Ал "Авангард" келесі кезеңде Татарстанның "Ак-Барсымен" додаға түседі.

Жетінші ойын: «Авангард» – «Барыс» – 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

Голдар:
0:1 – Доус (Бойд), 04:47.
1:1 – Коларик (Пережогин, Попов), 09:43.
2:1 – Пережогин (Лямин, Коларик), 35:18.
3:1 – Коларик (Попов), 57:22 (қарауылсыз қақпаға)
Қақпашылар: Барулин – Лацо.
Жалпы есеп: «Авангард» – «Барыс» – 4:3 (5:2, 0:2, 0:3, 4:3, 2:0, 1:4, 3:1)

 

Автор: Айқын Жаппар




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2015, 00:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30