Хоккей

"Барыс" пен "Авангард" – әзірше итжығыс

  • Фото hcbarys.kz сайтынан

    Фото hcbarys.kz сайтынан

  • Фото hcbarys.kz сайтынан

    Фото hcbarys.kz сайтынан

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысындағы "Барыс" пен "Авангард" арасындағы мұзайдын додасы шектен тыс қыза түсті. Кеше түнде Омбы клубы Астанада жеңіске жетіп, жалпы есеп теңесті, деп жазады "Алаш айнасы".

Бұл екі команда арасындағы төртінші ойын болатын. Соңғы екі ойында гол соға алмай ұтылған Ресей клубы кеше есесін қайтарған болды. Түндегі ойында қонақтардың жолдары болып, бақтары жанды. Былайша айтқанда, кейбір сәттерде спорттық сәттілік Омбы клубына "болысып", жеңіске "жетелегендей" болды.
Бұған дейігі екі ойында өз қақпасына бірде-бір гол жібермеген Ян Лацоның да жаза басқан сәттері болды. Шыны керек, қақапшымыз қателесті деуге аузымыз бармайды, бірақ бір-екі рет зуылдаған шайба Лацоның да ырқына көрмей, сынаптай сусып, қақпа ішінен бір-ақ шықты.
"Барыс" хоккейшілері екі шайба айырмасымен ұтылып жатса да, жанкештілік танытып, таразы басын теңестірген. Алайда есеп тепе-тең болып тұрғанда, тағы да "Авангардтың" асығы алшысынан түсті. Әрі бір емес, екі рет жолдары болып, біздің хоккейшілердің аңдаусызда жіберген қателіктерін мүлт жібермей, гол соғып кетті. Сәрі, бұл ойында "Барыстың" "маңдайына" жеңіске жету жазбағандай...
Әйтсе де, "Барыс" хоккейшілерінің сағы сынған жоқ. Олар соңғы секундтарға дейін "шайқасып", аянбай ойнады. Тіпті қақпашымызды алтыншы ойыншыға алмастырып, есепті қысқартты да. Бірақ одан әріге уақыт та, шама-шарықтары да жетпеді.
Бар қызық – алда. Келесі ойын ертең Омбыда өтеді. Одан кейін екі команда қайтадан Астанаға келеді. "Барысқа" екінші және үшінші ойындардағыдай сәттілік тілейміз.
Төртінші ойын: «Барыс» – «Авангард» – 3:4 (0:2, 1:0, 2:2)
Голдар:
0:1 – Куляш (Пережогин), 03:23.
0:2 – Коларик (Попов), 07:51
1:2 – Бойд (Доус, Пушкарёв), 27:16.
2:2 – Старченко (Руденко), 41:18.
2:3 – Фищенко (Семёнов), 48:23.
2:4 – Курьянов (Попов), 51:16.
3:4 – Доус (Бойд), 59:05.
Қақпашылар: Лацо – Костин.
Жалпы есеп: «Авангард» – «Барыс» – 2:2 (5:2, 0:2, 0:3, 4:3)

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1587    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2015, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31