Хоккей

"Барыс" плей-оффқа өтті

  • ©serials.zapto.org

    ©serials.zapto.org

Астана қаласының "Барыс" хоккей клубы "Амурды" (Хабаровск) қатарынан екінші рет жеңді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы.

Айта кеткен жөн, Құрлықтық хоккей лигасына кіретін командалар бір ойынды үйде, екіншісін түзде өткізеді. Бұрын қарсыластар шалғай жерде орналасса да, бір матч үшін сол жаққа барып тұруға тура келді. Ал үйге келгеннен кейін бірден екінші матчты өткізу керек. Соның салдарынан екі жақтың хоккейшілері қатты шаршайтын. Оған қоса, жолға кететін шығындар да көп болды. Сондықтан биылдан бастап лиганың жаңа ережелеріне сәйкес, бір-бірінен алыс тұратын командалар баратын жерінде бірден екі матчты ойнап тастайды. Осы жолы "Барыстың" хоккейшілері 6 мың шақырым шалғай жерде орналасқан Хабаровск қаласына барып, жергілікті "Амур" командасымен кездесті.

Кешегі ойында "Барыс" өз қарсыласын 3:5 есебімен жеңсе, бүгінгі ойында да екі шайба айырмашылығымен басым түсетін еді. Мачтың соңына дейін бес-ақ секунд қалғанда қарсыластар есеп айырмашылығын бір шайбаға қысқарта білді. Алайда одан ары аса алмады.

Бүгінгі ойында астаналық клубтың басымдығы барынша байқалды. Екі кезеңнің ішінде олар есепті 0:3-ке дейін жеткізді. Ойынның алғашқы шайбасын Константин Романов салса, Олег Кваша мен Николай Антроповтың арқасында есеп еселей түсті. Дегенмен, үшінші кезеңнің соңында қарсыластар өз шабуылдарын үдетіп, бір шайба салып кетті. Ал мачтың аяқталуына бес-ақ секунд қалған кезде Михел Миклик есеп айырмасын 2:3-ке дейін жеткізе білді. Бұдан кейін есеп өзгермейді. Осылайша, "Барыс" хоккей клубы түзде өткен екі ойында да "Амурдан" басым түсіп, 6 ұпайды олжалап кетті.

Бүгінде астаналық клубтың қоржынында барлығы 84 ұпай бар. Шығыс конференциясында ол бесінші орында жайғасты. Ал Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 11-ші орында тұр. Осы ойыннан кейін "Барыс" плей-оффқа ілігіп отыр.

Автор: Арман АСҚАР




Көрілген: 1564    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.02.2015, 18:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30