Хоккей

«Барыстың» жас қорғаушысы тағы да төбелесті (ВИДЕО)

  • «Барыстың» жас қорғаушысы тағы да төбелесті (ВИДЕО)

    «Барыстың» жас қорғаушысы тағы да төбелесті (ВИДЕО)

Елорданың «Барыс» хоккей клубының жас қорғаушысы Дамир Рыспаев тағы да Құрлықтық хоккей лигасы жанкүйерлерінің басты назарына ілікті. Себебі, кеше ол тағы да мұзайдында төбелесті, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Елорданың «Барыс» хоккей клубының жас қорғаушысы Дамир Рыспаев мұзайдында тағы да төбелесіп қалды. Бұл жолы 19 жастағы хоккейшіміз Магнитагорскінің «Металлург» клубының шабуылшысы Евгений Тимкинді жекпе-жекке шақырып, бірінші соққысымен-ақ 29 жастағы хоккейшіні сұлатып салды.
Кейін Тимкин әупірімдеп жүріп тұрып, Рыспаев біраз соққы алмасып алды. Бірақ, Дамир бұл соққылардар ауыр жарақат алды деп айта алмаймыз. Ал Тимкин болса енді ҚХЛ-да «Металлург» қатысатын бірнеше ойынға қатыспайтын шығар. Себебі, ол жекпе-жек кезінде қолын қатты жарақаттап алған көрінеді.

– Біз Магнитагорскіде ойнағанда Тимкин Николай Антроповты қайта-қайта соғып кетіп жатты. Сол үшін мен қарымта кездесуде есе қайтарғым келді. Бұл менің бұған дейін айтып жүрген тосын сыйым еді. Мен Тимкинмен төбелесетінімді анық білдім. Ол кезде біз 0:3 есебімен жеңіліп жатыр едік. Команданы жігерлендіру үшін бірінші кезеңде-ақ төбелесуге тура келді, – дейді матч біткеннен кейін Дамир Рыспаев

Мұзайында бір-бірінің жағасынан алға екі хоккейшіні де төрешілер бес минутқа қуып жіберді. Жазасы өтеліп болған соң Тимкин мұзайдынға бір рет шығып, одан кейін көрінбей кетті. Дамир де кейін бір рет шығып, қалған уақыттың барлығын қосалқы құрам ойыншыларының қатарында өткізді.
Негізі, бұл Дамирдың ҚХЛ-дағы бесінші жекпе-жегі. Ол ең бірінші мәрте тафгай ретінде өткен жылдың қазан айында көзге түскен. «Барыс» түзде «Йокеритпен» ойнағанда Рыспаев мұзайдын қожайындарының қорғаушысы Харьюмен төбелесті, кейін «Нефтихимиктің» қорғаушысы Беловпен, «Слованның» бірнеше хоккейшісімен де жұдырықтасқан кездері болды. Алайда, Дамирді ҚХЛ-ға тафгай ретінде таныстырған жекпе-жегі Қазанда өтті. Біздің команда «Ақ Барспен» түзде өткізген ойында ол атақты Александр Свитовты жекпе-жекке-жекке шақырды.
Жас тафгайымыз бұл бес жекпе-жектің барлығында да жеңіске жетті деуге толық негіз бар. Өйткені, Дамирмен төбелескеннен кейін қарсыластары ауыр жарақат алып, бірнеше ойынға шыға алмай қалған кездерін жақсы білеміз.
Бірақ, 19 жастағы қорғаушымыздың мұзайдындағы басты міндеті төбелесу емес, хоккей ойнау ғой. Рыспаевтың статистикасына қарайтын болсақ ол биыл ҚХЛ-да бес мәрте ғана мұзайынға шығып, бесеуінде де алаңнан қуылған. Әрине, төбелесі үшін.
P.S: Астанада өткен кездесу 2:3 есебімен «Металлург» командасының пайдасына аяқталды. «Барыс» сапынан Даус пен Старченко көзге түссе, «Металлург» сапында Ибрагимов, Осала және Платонов бір-бір шайбадан соқты.

Уалихан Қосанбай

 




Көрілген: 2430    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.01.2015, 10:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30