Хоккей

"Барыстың" шабуылшысы "Авангард" хоккейшісін ұрып құлатты (видео)

  • youtube.com

    youtube.com

Кеше Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф додасындағы "Барыс" пен "Авангард" клубтары арасындағы ойын шектен тыс шиеленісті өтті. Тіпті төбелес те болды, деп жазады "Алаш айнасы".
Екінші кезеңде 0:2 есебімен ұтылып жатқан Омбы клубы шу шығармаса да, ши шығаруға кірісті. Итеріп жіберу, нұқып қалу көбейді. Біздің хокейшілерді мұзайдын жақтауына бар пәрменімен апарып соғу жиіледі. Байқамаған болып, итеріп құлату, күш-айла қолдану көбейе бастады.
Әрине, олардың бұл қылықтары да, қулықтары да түсінікті. "Барыс" хоккейшілері де солай ойнап, төреші қазақстандықтарды мұзайдыннан қуып, артық құрамда ойнағылары келеді. Ал төрешілер олардың ойын ережесін бұзған сәттерінде кірпік қақпай тұра берді...
Бірде "Авангард" хоккейшілерінің бірі біздің ардагер шабуылшымыз Дмитрий Упперді мұзайдын жақтауына жақын жерде итеріп құлатты. Енді бірде Непряев Константин Пушкаревті оңдырмай құлатып кетті. Константин біразға дейін тұра алмай жатты.

Бірақ Пушкарев ондайды аяқсыз қалдырсын ба?! Көп ұзамай, айдын иелерінің капитаны Сергей Калининге қарсы күш-айла қолданып, етпетінен түсірді. Ол да тұрып кете алмай, мұзайдында біраз жатты.
Көп ұзамай, Максим Гончаорв біздің қорғаушымыз Евгений Блохинді аямай, мұзайдын жақтауына итере қалып, құлатып кетті. Аңдаусызда мұзайдын жақтауына соңылған Блохин жарақаттанып қалды. Маңдайынан қан тамшылап, мұзайдын үстін сүртіп алуға да аздаған уақыт кетті.
Бірақ оларды "Барыс" хоккейшілері сабаларына тез түсірді. Төрешілердің оларды жазаламайтындығын білді ме, Пушкарев өзін құлатып кеткен Непряевпен төбелесіп, мұзайдынға бетімен жығып салды. Үш-торт соққысы "Авангард" хоккейшісінің бетіне дәл тиіп, оның маңдайы қызарып та қалды.
Непряев – 33-те, бойы – 187 см, салмағы – 85 келі. Ал Пушкарев – 30-да, бойы – 180 см, салмағы – 84 келі. Бойы өзінен биік ойыншыны осылай сабасына түсірді.

Автор: Айқын Жаппар




Көрілген: 1741    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2015, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30