Хоккей

Біздің жігіттер мықтылар тізімінде

  • Біздің жігіттер мықтылар тізімінде

    Біздің жігіттер мықтылар тізімінде

Бұл күндері Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілі­гінің қорытындысы бойынша жа­рыс кестесінде алғашқы 16-орынды иеленген командалар Гагарин кубогы үшін таласуда.
Өкінішке қарай, биылғы маусымда Астананың «Барыс» клубы көздеген мақсатына қол жеткізе алмай, қалың топтың арасында қалып қойды.
Десек те, тұрақты біріншілік бары­сын­­да өрелі өнерімен көзге түскен аста­налық коман­даның кейбір ойыншылары кейбір аталымдар бойынша теңдессіз деп таныл­ған екен. Мысалы, Роман Старчен­ко мен Майк Ландин бір-бір реттен «ап­та­ның үздік қор­ғаушысы» атанса, «апта­ның үздік шабуыл­шылары» тізімінен Найджел Доус (2 рет) пен Брэндон Бо­­чен­скидің есімдерін кезік­тірдік. Қазан айында Доусқа тең келер ша­буыл­шы та­былмаса, желтоқсандағы ең мықты қор­ғаушылар тізімін Кевин Даллмэн баста­ды.
32 рет нысананы дәл көздеген Магни­тогорскінің «Метталург» клубының ойын­шысы Сергей Мозякин сұрмер­гендер кө­шін бастаса, одан бір гол кем соққан біздің Найджел Доус екінші орында тұр. Пас беру жағынан Санкт-Петербордың СКА клубы­ның беткеұс­тары Вадим Шипачев (43 пас) шашасына шаң жұқтырмаса, ЦСКА-ның ойыншысы Александр Радулов (42 пас) екінші саты­да. Үшінші орында – Брэндон Бо­ченски (41пас) екінші сатыға жайғасты.

Ал «гол+пас» аталымы бойынша 61 ұпай жиған Боченскиге (20 гол+41пас) үшінші орын бұйырған екен. Ал бірінші және екінші орындарды Сергей Мозякин (32+35) мен Александр Радулов (23+42) олжалады. Сондай-ақ голды да жиі со­ғып, оңтайлы да пас бере білетін қор­ғау­шылардың бірі ретінде Кевин Даллмэннің де (8+32) есімі жиі аталады.
Тағы бір қызықты статистикалық мәлі­мет. Дөрекілік танытып немесе басқа да оғаш әрекетері үшін мұз айдынына жиі қуылғандардың қатарында Дамир Рыс­баев та бар. 20 жастағы қазақтың жуан жұды­рықты жігітінен бұл күндері ҚХЛ-дағы барлық тафгайлар қаймығады десек, артық айтқанымыз емес. Дамирдің айып уақыты – 111 минут. Бұзақылар тізімінде қандасы­мыз үшінші орында тұр. Дамирге қарағанда «Витязьдің» есерсоғы Игорь Головков (122 минут) пен «Медвешчак­тың» мықтысы Блэйк Парлетт ережені көбірек бұзатын көрінеді. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

aikyn.kz/ru/articles/show/20864-b_zd_zh_g_tter_my_tylar_t_z_m_nde




Көрілген: 1280    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2016, 09:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31