Хоккей

Дамир "Сібірдің" хоккейшісін тағы да соққыға жықты (Видео)

  • hcbarys.kz

    hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» хоккей клубы кеше өз алаңында «Сібірді» қабылдап, жеңіске жетті. Бұл кездесуде елордалық ұжымның жас тавгайы – Дамир Рысбаев тағы да төбелесті, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
19-жастағы жас тавгай бұл жолы кездесудің екінші минутында төбелесіп қалды. «Сібір» қорғаушысы Виталий Меньшиковпен. Екі хоккейші де бір-біріне бата алмай біраз тұрды. Сосын Дамир бірнеше соққы жасап Меншиковты құлатқан еді. Бірақ осы кезде төрешілер араша түсіп, екі ойыншыны 5 минутқа ойыннан шеттетті.

Орайы түскенде айта кетейік, Рысбаев пен Меньшиков бұл маусымда бірінші рет төбелесіп отырған жоқ. Осыдан бір апта бұрын «Барыс» Новосібірге қонаққа барғанда бұл екі ойыншы жаға ұстасып қалған болатын. Ол кезде Рысбаев пен Меньшиков ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда төбелескен. Алайда бұл жекпе-жектің жеңімпазы анықталмай, екі хоккейші де ойынның соңына дейін шеттетілген болатын.


Астанадағы ойынға қайта келетін болса, бұл матчта біздің команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голдың авторы - Кевин Даллмэн.
Бұл жеңістен кейін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы Шығыс конференциясының бесінші орнына нық жайғасты. Андрей Назаров шәкірттерінің еншісінде 90 ұпай бар. Шығыс конференциясында 117 ұпаймен «Ақ Барс» көш бастап келеді. Екінші орында «Сібір». Новосібір қаласының ұжымында 111 ұпай бар. Үздік үштікті 116 ұпаймен Магнитагорскінің «Мателлург» клубы түйіндеп тұр.
Айтпақшы, кеше «Барыстың» Құрлықтың хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші қарсыласы белгілі болды. Ол – Омскінің «Авангард» клубы. Плей-офф кезеңдері наурыз айында басталады. Ал оған дейін «Барыс» 24-ақпан күні ҚХЛ-дың соңғы турында «Торпедоға» қарсы кездесу өткізеді.

 

 

 

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 2103    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.02.2015, 08:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31