Хоккей

Допты хоккей: Қазақстан құрамасына төрт бірдей Орал хоккейінің түлегі алынды

  • Допты хоккей: Қазақстан құрамасына төрт бірдей Орал хоккейінің түлегі алынды

    Допты хоккей: Қазақстан құрамасына төрт бірдей Орал хоккейінің түлегі алынды

1-7 ақпан аралығында Ресейдің Ульяновск қаласында допты хоккейден кезекті, 36-ыншы әлем чемпионаты өтеді.
«А» тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы алғашқы күні ресейліктермен күш сынасса, 2 ақпанда Швеция, бір күннен кейін Финляндия құрамасымен кездеседі. Содан кейін жартылай финалға шыққан командалар жүлделі орындарды сарапқа салады.

Дүниежүзілік жарысқа орай «Ақжайық» хоккей клубы жанкүйерлерінің сайты Қазақстан намысын қорғайтын ойыншылардың тізімін жариялады. Олардың ішінде төрт бірдей Орал допты хоккейінің түлектері бар. Атап айтқанда, қазіргі кезде Саратовтың «Универсалының» қақпасын қорғап жүрген Ілияс Хайрекешевпен қатар Ресей чемпионатының суперлигасында ойнайтын қорғаушы Денис Максименко мен жартылай қорғаушы Леонид Бедарев (екеуі де Нижний Новгородтың «Стартынан»), шабуылшы Рауан Исалиев («Сибсельмаш», Новосібір) Қазақстан құрамасына шақырту алды. Өкінішке қарай, оралдық «Ақжайық» командасының шабуылшысы Ескендір Нұғманов жарақатына байланысты әлемдік додаға қатыса алмайды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері - Алексей Никишов, аға жаттықтырушысы - Марат Маңғубаев. Команданы бірнеше жылдан бері баптап келе жатқан олардың екеуі де - допты хоккейдің белгілі шеберлері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы алты мәрте, дәлірек айтқанда, 2003 (Архангельск қаласында), 2005 (Қазан), 2012 (Алматы), 2013 (Венерсборг), 2014 (Иркутск) және 2015 (Хабаровск) жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Осының бәрінде де алтын жүлдеге Ресей мен Швеция таласса, қазақстандықтар фин құрамасын ұтып, үшінші орынға көтерілді. Оған қоса Қазақстан құрамасы - 2011 жылы Алматыда өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы.

 inform.kz/kaz/article/2862208




Көрілген: 1374    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2016, 09:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31