Хоккей

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «Знамя-Удмуртия» командасын тағы да ірі есеппен ұтты

  • Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «Знамя-Удмуртия» командасын тағы да ірі есеппен ұтты

    Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «Знамя-Удмуртия» командасын тағы да ірі есеппен ұтты

Бүгін допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен екінші ойында да қарсыласын ірі есеппен (8:2) тізе бүктірді.
«Ақжайық» құрамында команданың үздік мергені Сергей Башаев екі мәрте қонақтар қақпасын дәл көздесе, Максим Өтебалиев, Еламан Әліпқалиев, Максим Пьянов, Александр Шавалдин, Павел Чебаков, Николай Болдырев бір-бір голдың авторы атанды.

Осы ойыннан кейін барлығы 29 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бесінші орынға көтерілді.

Оралдықтар келесі кездесулерін 20-21 ақпанда өз айдынында турнир кестесінде 22 ойыннан кейін 35 ұпаймен төртінші орында келе жатқан «Маяк» (Краснотурьинск) командасымен өткізеді. Бұл клубты Орал допты хоккейінің түлегі Олег Чернов жаттықтыратынын айта кетейік.

Автор: Елжан Ералы 

inform.kz/kaz/article/2870719




Көрілген: 1229    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2016, 11:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31