2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

Хоккей: Астананың «Барысы» Мәскеудің атышулы ЦСКА командасын тізе бүктірді (ФОТО)

  • Хоккей: Астананың «Барысы» Мәскеудің атышулы ЦСКА командасын тізе бүктірді (ФОТО)

    Хоккей: Астананың «Барысы» Мәскеудің атышулы ЦСКА командасын тізе бүктірді (ФОТО)

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында өнер көрсететін Астананың «Барысы» өз айдынында турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдап, азулы қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Андрей Назаровтың шәкірттері ойын тізгінін бірден қолға алды. Екінші минут басталысымен-ақ Роман Савченко қонақтардың қақпашысы Виктор Фасты қапы қалдырды. Жеті минуттан кейін Роман Старченко бір ойыншының артықтығын пайдалаланып, қақпашымен жекедара шығып, бұрышты дәл көздеді. Екінші кезең басы «Барыс» пен ЦСКА-ның шабуылшылары Константин Пушкарев пен Ян Муршактың төбелесімен есте қалды. Сөйтіп екеуі де дөрекілігі үшін төрт минутқа айдыннан қуылды. Екінші кезең соңына таман «Барыстың» ойыншысы Мартен Сен-Пьер есепті 3:0-ге жеткізді. Алайда ЦСКА ойыншылары Сергей Андронов пен Ян Муршак небәрі бір жарым минут ішінде «Барыстың» қақпасына екі гол салып үлгерді.

Үшінші кезеңнің басында «Барыстан» Майк Ландин тағы бір ойыншының артықтығын сәтті пайдаланып, есепті 4:2-ге жеткізді. ЦСКА соңғы минутта Стефан Да Костаның мергендігі арқасында есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді.

Ең бастысы, «Барыс» Череповецтің «Северсталь» командасымен өткен ойындағы қателіктерін қайталамай, ҚХЛ-дың ең мықты клубтарының бірінен тайсалмай, жеңіске деген жігері мен қайсарлықтарын көрсете білді. Астаналықтардың бас бапкері Андрей Назаров өз командасының барлық кездесулерде дәл осылай ойнаса, плей-офф кезеңіне шығу мәселесінің шешілетінін атап көрсетті.

Осы маңызды жеңістен кейін «Барыс» 46 ойыннан кейін 64 ұпай жинап, Шығыс конференциясында жетінші орынға көтерілді. Әйтсе де сегізінші және тоғызыншы орындағы «Автомобилист» (Екатеринбург) пен «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларының да 64-тен ұпайлары бар әрі өткізген ойындары кем (сәйкесінше 44 және 43 ойын). Бұл плей-офф бәсекесіне қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы сегіздікке ену үшін шайқастың алда екендігін көрсетеді. «Барыс» келесі кездесуін Астанада 3 қаңтар күні «Югра» (Ханты-Мансийск) командасымен өткізеді.

Айта кетейік, «Барыстың» тұрақты чемпионат барысында енді 14 ойыны қалса, соның тең жартысын өз айдынында, қалғанын басқа қалаларда өткізеді. Осы кездесулерінде сәтті ойнап, ұпайды көбірек жинаса, басты қарсыластары «Автомобилист» пен «Нефтехимиктен» озуға мүмкіндігі мол. Бұл ретте «Барыс» пен «Нефтехимиктің» арасында Астанада өтетін матч біраз мәселенің басын ашып бермек. 

Автор: Елжан Ералы

inform.kz/kaz/article/2855223




Көрілген: 1490    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2015, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31