2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

ХОККЕЙ: «Барыс» ҚХЛ матчында Минскінің «Динамосын» жеңді (фото)

  • ХОККЕЙ: «Барыс» ҚХЛ матчында Минскінің «Динамосын» жеңді (фото)

    ХОККЕЙ: «Барыс» ҚХЛ матчында Минскінің «Динамосын» жеңді (фото)

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Минскінің «Динамосын» қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Екі команда да плей-офф бәсекесіне жолдама алу үшін барын салып жүргендіктен, кездесу тартысты болды. Содан шығар, бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезең басталысымен Кевин Даллмэн шабуылға сәтті қосылып, мергендік танытты. Көп ұзамай сегіз минуттан кейін Максим Худяков есепті 2:0-ге жеткізді. Үш минуттан соң «Динамо» ойыншысы Пол Щехура есепті қысқартқанымен, он секунд өтер-өтпесте Дастин Бойд қонақтар қақпасын дәл көздеді. Үшінші кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Алдымен астаналық Брэндон Боченски көзге түссе, «Динамодан» Райан Веске есепті 4:2-ге дейін қысқартты. Меймандар қанша тырысқанымен, осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.

Сөйтіп «Барыс» тағы бір маңызды жеңісіне қол жеткізіп, 52 ойыннан кейін 78 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бұрынғыша жетінші орында келеді. Астаналықтар келесі кездесуін 21 қаңтар күні өз айдынында Шығыс конференциясында 97 ұпаймен көш бастап келе жатқан Омбының «Авангард» командасымен өткізеді. Бұл ойынның «Барысқа» өте қиынға түсетіні анық.

Айта кетейік, бүгін, 20 қаңтар күні Шығыс конференциясында «Барыспен» плей-офф бәсекелеріне шығу үшін таласып жүрген «Автомобилист» (Екатеринбург) пен «Нефтехимик» (Нижнекамск) өзара кездеседі. Шығыс конференциясында «Автомобилист» пен «Нефтехимик» 51 ойыннан кейін сәйкесінше 74 және 72 ұпай жинап, сегізінші, тоғызыншы сатыда тұр. Сондықтан Екатеринбургте өтетін бұл ойынның қос команда үшін де маңызы зор.

Автор: Елжан Ералы

inform.kz/kaz/article/2861764

 




Көрілген: 1246    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2016, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31