2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

Хоккей: «Барыс» Тольяттиде «Ладаны» ұтып, маңызды үш ұпайға ие болды

  • Хоккей: «Барыс» Тольяттиде «Ладаны» ұтып, маңызды үш ұпайға ие болды

    Хоккей: «Барыс» Тольяттиде «Ладаны» ұтып, маңызды үш ұпайға ие болды

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында өнер көрсететін Астананың «Барысы» Тольятти қаласында жергілікті «Лада» командасымен күш сынасты.
Осыған дейін 48 кездесуден кейін 69 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» жетінші-сегізінші орынды бөлісіп тұрса, 58 ұпаймен он екінші сатыдағы «Лада» плей-офф бәсекелеріне қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы сегіздікке ілігуден үмітін үзе қоймаған еді. Сондықтан бұл матч қос команда үшін аса маңызды болатын.

«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, тартысты бәсекені астаналықтар сәтті бастап, үш ойынға созылған үзілістен кейін айдынға қайта оралған канадалық легионер Найджел Доус 30-ыншы секундта осы маусымдағы 25-інші голын соқты. Бірінші кезеңнің екінші бөлігінде «Барыстың» шабуылшысы Илья Соларевтің төрешілер шешімімен бақандай бес минутқа айдыннан қуылғанын пайдаланған «Ладаның» капитаны Дмитрий Воробьев 14-минутта есепті теңестірді. Дегенмен екінші кезеңді бір ойыншының артықтығымен бастаған астаналықтар мұны құр жібермей, тағы да Найджел Доус 21-минутта мергендік танытып, командасын алға шығарды. Бұдан кейін де «Барыс» гол соғатын бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды.

Үшінші, шешуші кезеңді «Барыс» тағы да аса сәтті бастап, бұл жолы команда капитаны, американдық Брэндон Боченски 40 минут 43-секундта тура тоғыздықты дәл көздеді (бұл - оның осы маусымдағы 16-ыншы голы еді). Арада үш минуттай уақыт өтпей жатып, әдемі комбинациядан кейін Найджел Доус осы ойындағы үшінші, чемпионаттағы 27-інші шайбасын қарсыластар қақпасына кіргізді. Бұдан соң айдын иелері қақпашысын ауыстыруға мәжбүр болып, Эдгарс Масальскистің орнына Алексей Семенов шықты. Көп ұзамай «Ладаның» шабуылшысы Виктор Комаров бес минутқа айдыннан шеттетілгенімен, мұны «Барыс» пайдалана алмады. Дегенмен осыдан кейін есеп өзгерген жоқ. Айта кетейік, «Барыстың» қақпашысы Павел Полуэктов та ұрымтал тұстарда сәтті ойнай білді.

Сөйтіп, «Ладаны» 4:1 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан бесінші рет жеңіске жетіп, жағдайын біршама жақсартқан астаналықтар 49 ойыннан кейін 72 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бұрынғыша жетінші орында келеді. «Барыспен» құйрық тістесіп келе жатқан «Нефтехимиктің» қоржынында 48 кездесуден кейін 69 ұпайы бар. Ал тоғызыншы сатыдағы «Автомобилист» (Екатеринбург) өз айдынында турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдап, негізгі уақыт та, овертайм да 1:1 есебімен тең аяқталып, мәселе буллит сериясында шешілді. Мұнда ЦСКА командасы жеңіске жетіп, «Автомобилист» бір ғана ұпайға ие болды. Енді оның 48 ойыннан кейін 65 ұпайы бар. Демек, бұл - Шығыс конференциясында алғашқы сегіздікке ілігу үшін бәсеке толастамайды деген сөз.

«Барыс» келесі кездесуін 13 қаңтар күні Ярославль қаласында ҚХЛ-дың аса мықты командаларының бірі, Батыс конференциясында үшінші орында келе жатқан атақты «Локомотив» командасымен өткізеді.

 

 

Автор: Елжан Ералы 

inform.kz/kaz/article/2858779




Көрілген: 1380    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2016, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31